Әлем • 13 Шілде, 2018

Жапониядағы төтенше жағдай: қаза болғандар саны 204 адамға жетті

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны, лай көшкіні салдарынан Жапонияда қаза тапқандар саны 204 адамға жетті, деп хабарлайды елдің бас полиция басқармасы.

Жапониядағы төтенше жағдай: қаза болғандар саны 204 адамға жетті

Бұл – кейінгі он жыл­­да болған ең қайғылы апатқа айна­лып отыр. Әсіресе, Окаяама, Хиро­шима және Яамагучи аймақтары ора­сан залалға ұшыраған. 

Айта кету керек, соңғы рет су тасқынынан мұншалықты көп адам 1982 жылы қаза тапқан болатын. Төтенше апаттан зардап шек­кен­дерді құтқару жұмысына 75 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олар­дың қатарында өрт сөн­діру­шілер, әскерилер де бар. Тіпті, Жапония­ның премьер-министрі Синдзо Абе де шет елге іссапарын кейінге қал­дырып, тасқынның салдарымен кү­ресуге бел шеше кірісіп кетті.

BBC арнасының хабарлауынша, тас­қын болған аумақтарда жауын әдет­тегіден бірнеше есе көп жауған. Сондықтан тасқын су бой бермей, талай жанның өмірін жалмаған көрінеді.