«Алавес» (Испания) футбол клубы «Астана» командасымен елорда командасының шабуылшысы Патрик Твумасиді қатарына қосу туралы келісімге келді. Патрик медициналық тексерістен сәтті өтіп, жақын уақытта Ла Лигада өнер көрсету үшін жаңа командасының тізіміне қосылады», - делінген хабарламада.
Твумаси «Алавеспен» 4 жылдық келісімшартқа қол қойған. Футболшының қазақстандық командамен келісімшарты болғандықтан, «Алавес» «Астанаға» өтемақы төлейді. Алайда, испаниялық команда өтініші бойынша өтемақы мөлшері жарияланбайды.