Ертең Остинде (Техас штаты) Балоев бірінші ауыр салмақтағы Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) титулы үшін айқасады. Ол 36 жастағы америкалық Ричард Уркизомен (3-4-2, 1 КО) жұдырықтаспақ. Бұдан бөлек, осы бокс кешінде Austin Sports Center аренасының рингіне біздің басқа да отандастарымыз шығады.
Екінші жеңіл салмақтағы Искандер Харсан (3-0, 3 КО) мексикалық Мануэль Рубалькавымен (4-27) күш сынасса, кәсіби бокстағы дебютант Асхат Жантұрсынов бірінші ауыр салмақта америкалық Майкл Коронадомен (1-1-1) айқасады.