Спорт • 01 Тамыз, 2018

Үшсайысшылар Алматыда бас қосады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-5 тамыз аралығында Алматыда үшсайыстан тұңғыш рет ASTC Asian Cup халықаралық турнирі мен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.   

Үшсайысшылар Алматыда бас қосады

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі,  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, республикалық және Алматы қалалық триатлон федерациясы, «Алғашқы болу батылдығы» қоры, Алматы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін жарыстың басты мақсаты – ең күшті атлеттерді айқындау, үшсайыспен шұғылданатын отандық атлеттердің шеберлігін нығайту және Қазақстанда осы спорт түріне деген ынта-қызығушылықты күшейту.

Биылғы «Триатлон-спринт» сайысы 3 кезеңнен тұрады: 750 метрге жүзу+20 шақырымдық веложарыс+5 шақырымға жүгіру. Алматыда өтетін дүбірлі додада 70 спортшы бақ сынайды деп күтілуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ