Футзалдан әлем чемпионаты Алматыда өтеді

19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста ерлердің 16 және әйелдердің 9 командасы күш сынасады. Ерлер сайысында Қазақстан «В» тобында өнер көрсетеді. Топтық турнирдегі қарсыластарымыз – Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия құрамалары.

Егемен Қазақстан
02.08.2018 4981

Бірден айта кетейік, біздің топтағы командалар арасында Еуропа құрлығының өкілдері өте мықты. Мәселен, 2014 жылы Испанияда өткен студенттердің әлем біріншілігінде Беларусь құрамасы қола медальді иеленсе, 2016 жылы Бразилияда өткен жарыста Чехия ойыншылары да дәл сол межеден көрінді. Яғни, айтулы мемлекеттің өрендері дүбірлі додаларда жеңістің дәмін татып үлгерген. Бұл жолы да жүлделі орындардың бірін иелену үшін олардың еш аянып қалмайтыны анық. Десек те байрақты бәсеке өз елімізде, өз жерімізде, өз жанкүйерлеріміздің көз алдында өтетіндіктен біздің жігіттер де намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салуға тиіс.

Өзге бәсекелер мына командалары арасында өрбиді: «А» тобы –Ресей, Франция, Аргентина және Словакия. «С» тобы – Таиланд, Германия, Украина және Хорватия. «D» тобы – Португалия, Израиль, Қытай және Польша.

Студенттер арасындағы әлем біріншілігінің тұсауы 1984 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында кесілді. Бұл дүбірлі дода алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Финалда олар Парагвай құрамасын 5:4 есебімен ұтты. Қола медальді Испания иеленді. Үшінші орын үшін тартыста Пиреней түбегінің түлектері Италиядан 7:6 есебімен басым түсті. 

Жалпы 15 мәрте жалауы желбіреген аталмыш жарыста ең көп жеңіс тойын тойлаған Бразилия құрамасы екен. Олар 5 мәрте бас жүлдені (1984, 1996, 2000, 2010, 2016) олжалады. Сондай-ақ, бразилиялықтардың қоржынында 3 күміс және 1 қола медаль бар. Осы көрсеткіш жағынан Ресей ойыншылары екінші орында. Көршілеріміз 4 рет (1994, 2002, 2006, 2014) топ жарып, бес рет финалда сүрінді. Тағы екі жарысты олар үшінші орынмен қорытындылады. Үздік үштіктің қатарында Украина бар. Олар 3 алтын (1998, 2004, 2012), 1 күміс және 3 қоланы олжалады. Сондай-ақ, Испания (1990), Италия (1992) және Португалияның (2008) студенттері бір-бір реттен жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Осының алдындағы студенттердің әлем біріншілігі 2016 жылы Бразилияның Гояна қаласында ұйымдастырылды. Бұл жарыстың ақтық сайысында алаң иелері Ресейді 2:1 есебімен ұтты. Ал қола медаль үшін бәсекеде Чехия құрамасы Францияны 11:3 есебімен тас-талқан етті.

Әйелдер арасындағы жарысқа келер болсақ, 2008-2016 жылдар аралығында дүниежүзілік дода бес рет ұйымдастырылып, солардың барлығы да Бразилия аруларының айқын жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар, жүлделі орындарды иеленгендер арасында Португалия (2 күміс+1 қола), Испания (2 күміс), Ресей (1 күміс+2 қола), Қытай (1 қола)  және Иран (1 қола) сынды елдердің өкілдері бар.

Алматыдағы жарыста Қазақстанның сұлулары «В» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Португалия, Франция және Жаңа Зеландия құрамалары.  «А» тобында Ресей, Канада, Украина, Израиль және Польша құрамалары күш сынасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Генуядағы көпірдің құлауына кінәлілер анықталды

16.08.2018

Сұраған Рахметұлы. Тыныштықбектің «Алқоңыры»

16.08.2018

Тілектес Есполов: «Ақтастағы Ахико» қойылымы көзімізге жас үйірді

16.08.2018

Қыздар Университетінде «Рухани жаңғыру» аясында жаңа пәндер енгізілді

16.08.2018

Инсультке иілмеу жолдары қаралуда

16.08.2018

Астаналық дәрігерлер ауылдарды аралады

16.08.2018

Алматыда науқас балаларға арналған ойын бөлмесі ашылады

16.08.2018

IX жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті

16.08.2018

«Method PRO» жастарға жол ашады

16.08.2018

Солтүстік Қазақстанда науқас жандар тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр

16.08.2018

Ресми бөлім (16.08.2018)

16.08.2018

Ақтау саммитінің қорытындылары бойынша Қайрат Әбдірахманов түсініктеме берді

16.08.2018

Қайрат Әбдірахманов Түркі академиясының қызметімен танысты

16.08.2018

Роботтандырылған хирургия – медицина мәртебесі

16.08.2018

Канаданың хоккейшісі «Барыста» ойнайды

16.08.2018

Азияда-2018: Бүгін Джакартада Қазақстанның байрағы көтеріледі

16.08.2018

Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін кәсіпорын іске қосылды

16.08.2018

5G белесі: Қазақстан жаңа интернет жылдамдығына дайын ба?

16.08.2018

Ақтөбедегі вокзал маңы маскүнемдер мен қаңғыбастарға толы

16.08.2018

Семейде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу