Аймақтар • 02 Тамыз, 2018

Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шеру «Адал жол» марафоны аясында өтті, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

Шеруге шамамен 30 бірлік су көлігі - 20 қайық, 2 яхта, 6 гидроцикл және 1 кеме қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның құрметті қонақтары- каратэден Әлем чемпионы - Әсел Серікова, муайтайдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Дидар Болатов, Кикбокстан Әлем кубогының иегері - Азамат Утемисов.

Қатысушылар марафонның жалауын , Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп орталық көпірден Ретро саябаққа дейін жүріп өтті. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама болды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, бұл акцияның мақсаты -қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың, оның ішінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыста барлық топтарының өкілдерін тарту болып табылады.

- Мұндай шараларды өткізу арқылы біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты болашақта оң нәтижесін береді,- дейді Мейірім Қалауи.