Аймақтар • 06 Тамыз, 2018

Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салынады

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайдағы индустриялдық аймаққа қытайдың HKC Corporation Limited (HKC) компаниясының мамандары мен басшылары келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесуде екі жақ Индустриялық аймақтан орын тебетін мониторлар мен телевизор құрастыру зауытының құрылысы туралы мәселені талқылдады. Оған қытайлықтар 20 млн доллар инвестиция салмақ, болашақ зауыт жылына 3 млн теледидар шығыратын болады.

Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салынады

«Қостанайдың біз үшін тиімділігі оның Ресеймен жақын орналасуында болып отыр. Өнімді өткізуде біздің жоспарымыз үлкен. Біздің мақсат әлемдік нарықа шығу болмақ. Голландияда жылына 2 млн теледидар өндіретін зауытымыз бар. Ал Қостанайдағы зауыт Тәуелсіз достастық елдеріндегі теледидар шығаратын жалғыз кәсіпорын болмақ» дейді қытайлық компанияның президенті Ли Джин.

Қытайлық инвесторлар зауыт құрылысына бүгін кірісейін деп отырған жоқ. Олар жобаның бүге-шігесіне дейін зерттеп, қарап алыған соң ғана іске кірісетінін айтты. Жоба бойынша 500 қостанайлық жұмыс орнын табады. Сонымен қатар HKC Corporation Limited компаниясы жергілікті колледж студенттерін дуальдық бағдарламамен оқытатын болады.        

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қытайлық инвесторларымен бұл өңірдегі алғашқы жұмыс емес екенін айтты. Бұдан бұрын машина құрастыру және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу саласында да қытайлармен келісім болған.

«Бүгін біз қытайлық инвесторларға Индустриялық аймақтан орын ұсынамыз. Осыған дейін мұнда 11 жобаны жүзеге асырдық. Ең бастысы Ресеймен салыстырғанда бізде корпоративті салық барлығына – 20 пайыз, ал табыс салығы бізде көршілерге қарағанда 6 пайызға төмен. Ресейде 18 пайыз болса, бізде ол – 12 пайыз.Қытай компаниясымен ынтымақтастыққа біз дайынбыз. Біз мұндай техниканың 90 пайызын сыртқа шығарамыз. Зауыт өнімімен тек Қазақстанды ғана емес, Ресейді де қамтамасыз етуге болады» деді Архимед Бегежанұлы.

Екі жақты келісім бойынша жобаны және оның жол картасын жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Сурет kstnews.kz сайтынан алынды