Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

Егемен Қазақстан
09.08.2018 2971

Барға қанағат десек те, халық санын арттыруды ынталандыруда мемлекет тарапынан жасалатын шаралардың өтімдірек, ықпалдырақ бол­ғаны керек-ақ екені көзге ұрады. Соның ішін­де жөргекпұлға төленетін жәрдемақы көлемін арттыра түсу керек сияқты. Қа­зір оның көлемі алғашқы үш балаға 38 ай­лық есептік көрсеткіш көлемінде. АЕК-тің биылғы мөлшері 2405 теңге десек, оның жалпы көлемі 91390 теңге болып отыр. Бала санын арттыруды ынталандыру үшін жасалған шара ретінде төртінші баладан бастап туғандардың бәріне төленетін жөргекпұл көлемі 63 АЕК-ке арттырылған. Бұл – 151515 теңге деген сөз. Осы сомалардың өзі Президенттің 2017 жы­лы осы жәрдемақыларды 20 пайызға арт­тыру туралы берген тапсырмасына сәй­кес өсті. Ананың түрлі материалдық және моральдық, соның ішінде баланы күту, түрлі киімдер мен тамақтар алу шығын­дарының да артып бара жатқанын ескер­сек, бұл сомалардың әлі де бәлендей ықпал­ды емес екенін көруге болады.

Дүниенің бәрі салыстырмалы түрде танылады ғой. Біз де аса бай мемлекет емес, жан басына шаққандағы байлығы өзіміз­бен қарайлас Ресейдің осы бағыттағы шығын­дарын біздікімен салыстырып көрелік.

2007 жылы Ресей Федерациясы шын мәнісіндегі осы елдің қуаты мықты, ресурсы мол екенін көрсетіп, екінші баладан бастап, одан әрі бала санын көбейткен отбасыларға арнап «Ана капиталы» (материнский капитал) деген бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама бойынша 2007 жылы 2 баласы бар әрбір отбасының есепшотына 250 мың рубль аударылды. Ал келесі жылдардан бұл сома өсіріліп отырды. Мәселен 2008 жылы ол – 276 мың, 2009 – 312 мың рубль т.с.с. Тек 2015 жылдан бастап қана өсірілмей 453026 рубль көлемінде қалып келеді. Бірақ жыл сайынғы инфляция деңгейіне орай «Ана капиталы» индекстеліп отырады. Осы дүмпудің арқасында Ресей Федерациясындағы бала туу көлемі күрт артып, 1990 жылғы деңгейге жетті.

Алайда... «Ана капиталы» отбасына қала­ған уақытында берілмейді, оны тек отбасының кейбір шығындары үшін ғана алуға болады. Мәселен үй салуға немесе сатып алуға, тұр­ғын үй несиесін жабуға, бала оқытуға және т.б. Сонымен бірге бұл ақшаны капиталдан атына ақша түскен әйел өмірінде тек бір-ақ рет ала алады. Қалған ақы зейнетақы қорына аударылып, зейнеткерлік жасында бөлініп төленеді. Зейін қойып қараған адамға бұл ақының материалдық құндылығынан гөрі ынталандыру жағы басымдау болған сияқты. Осы мақсатын ол артығымен орындап, бала тууды қатты арттырғанын жоғарыда айттық. Бірақ шындыққа жүгінетін болсақ, бұдан Ресей Федерациясы халық санының өсуі соңғы жылдары артқан жоқ, керісінше, кеміп бара жатыр. Мәселен Росстаттың 2017 жылғы мәлі­метіне қарағанда, осы жылғы халық саны өлгендердің артуы себепті 135 мың­ға азайған...

Ал енді біздің кейбір отандастарымыздың Ресейдегі «Ана капиталын» желдей естіріп, жарнамалап жүргенін де көріп жүрміз. Жақында Инстаграмм желісінде бір әріптесіміз осыны қатты жалаулатты. «Менің танысым дүниеге келген үшінші баласы үшін 450 000 рубль көлемінде «ана капиталын» алды, бұл біздің ақшаға шаққанда шамамен 2 250 000 теңге. Оның үстіне Ресейде 10 сотық жер телімі немесе оның қаржылық баламасы беріледі. Екінші бала үшін 270 000 рубль көле­міндегі бір реттік жәрдемақы төленеді. Ал мем­лекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека да қарастырылған.

Міне, жағдай осы, Қазақстанның аналары. Мен айтып отырған әйел Челябіде тұрады, бұл – Қостанайға таяқ тастам жер... Бірақ біздің олар­мен айырмамыз жер мен көктей...» дейді ол.

 Әрине, «Ана капиталы» туралы сөз басқа, оның жайын біз жоғарыда жаздық. Бірақ енді бір реттік жәрдемақы (разовое пособие) 270 мың рубль дегені шындыққа жанас­пайды. Өйткені бір реттік жәрдемақының негізі 8 мың рубль, бірақ ол инфляция көле­міне сәйкес индекстеліп отырады. Сон­да 2017 жылдың қаңтарында босанған әйел­дер 15512 рубль, ақпан айындағылар 16350 рубль ғана алған. Теңгеге шақсақ, қаңтар­да 77500, ақпанда 82 мың теңгедей. Демек, біздікімен салыстырғанда тіпті аздау. Сондық­тан мәселенің мәнісіне бармай жалау­лату артықтау екені сөзсіз...

Бұл арада біздегі төленетін бір рет­тік жәрдемақы көлемі ананы толық қанағат­тандырады деуден аулақпыз. Тіпті аз екенін айтқымыз келеді. Егер салыстырмалы түрде айтқанда, бай ел екеніміз рас болса, тым болмаса өзіміздің ежелгі әріптесіміз Беларусь елінің деңгейіне жетуіміз керек-ақ. Ал оларда бір реттік жәрдемақы бірінші балаға 2136, ал екінші және одан кейінгі балаларға 2991 беларусь рублі көлемінде төленеді. Бір беларусь рублі 175 теңге, сонда алғашқы сома 374 мың, соңғысы 523 мыңның маңайында. Міне бұл қомақты қолдау екені сөзсіз. Осыған жетсек бізде алтын құрсақты аналардың арта берері сөзсіз болар еді.

 Биыл Қазақстан халқы 18 млн 400 мыңның үстіне шығады деп болжануда. Әрине, жаман емес, оның үстіне жалпы халық санында қазақтардың үлесі де артып келеді. Оның сырттан төнген қатерді азайтып, қауіпсіздік пен тыныштықты арттыруға қосатын үлесі зор. Сонымен қатар басқа этностардың қазақ мәдениетін, тілін, дәстүрін үйренуіне де ықпалы арта түсері сөзсіз.

Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

16.08.2018

Елбасының балалық шағы туралы деректі фильмнен үзінді жариялайды

16.08.2018

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

16.08.2018

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

16.08.2018

Астана хабы Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуда

16.08.2018

Қаралы көктем.1953 жыл, наурыз

16.08.2018

Жакартада еліміздің мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Назерке (10.08.2018 11:38:13)

Өз сөзіне өзі қарсы ғой мына кісі. Қуа ма? Оқып түсінбеп едім, тыңдап сәл пәл ұққандай болдым.

Пікір қосу