Фермерлер мен супермаркеттер арасына табиғи өнімдер көпірі салынды

Фермерлерімізге көктем шық­қан­нан бел жазбай, көшет егіп, көкөніс өсіріп, күз келгенде оны жинаудан гөрі, өткізу-сату жолын табу әлі де қиямет-қайым. Гектар-гектар жер­ді жалға алып жеміс-жидек өсіру мен түсімінің жоғары болуы қанша­лық­ты өзекті болса, алушысын табу одан оңай емес. Қысқасы «Бір түп пияз жеу үшін оның түбіне 17 дүркін бару керек» дейді олар.

Егемен Қазақстан
09.08.2018 7454
2

Осы тұрғыдан алғанда, жеке ша­руа­лардың қалалардағы сауда орын­дарымен, супермаркеттермен алдын ала мәмілеге келу фермер­лерге ғана емес, үшінші тарап сапалы, табиғи отандық тауарды тұ­тынғысы келетін халыққа да тиімді. Осы орайда бірқатар жұмыстар шешілуі тиіс. Біріншіден, логис­тика, өнімдер қаптамасы жолға қойылмаған. Екіншіден, шаруалар егістіктің, бау-бақшаның басынан шыға алмайтындықтан өнімнен табатын табысын да алдын ала болжай алмайды. Қайда өткізетіндігін де жоспарлай алмайды.

Сондықтан биылдан бастап Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының диқандары республикалық супермаркеттер желілеріне көкөністерін өткізуге қол жеткізуін жақсы жаңалықтар қатарына жатқызуға болады. Бұл жерде диқандар мен супермаркеттер арасында делдалдар жоқ. Сондықтан фермерлер өз өнімдерін тиімді бағаға өткізе алады және көкөністердің де барлық кезде балғын болуын қадағалауға мүмкіндік бар. Ендігі жерде «Шелек фермерлері» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өнімдерінің Алматыдағы «Арзан» супермаркеттер желісінде ғана емес, сондай-ақ Алматы, Астана, Павлодар және Өскемен қалаларындағы METRO-ға қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл бөлшек және ірі көлемде тауар сататын ірі халықаралық оператор. Осы маусымда «Шелек фермерлері» 212 тонна көкөніс жеткізуді, соның ішінде MetroCash&Carry сауда желісіне 52 тонна қызанақтың қызғылт жаңа, қызыл жаңа және черри сұрыбын, 50 тонна қарлығаш, мазурка, ред джет, бағдаршам, болгар бұрыштарын, жартылай ащы, ащы чили, 44 тонна қияр, соның ішінде корнишон, 36 тонна екі сұрыпты баялды, 30 тонна картоп пен алма, қарбыз бен құлпынай секілді басқа да ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ең бастысы, жоғарыдағы супер­­мар­­кеттердің арнаулы қызмет­керлері бау-бақша алқаптарына келіп, көкөністердің қапталуын, сұрып­талуын, тасымалын қамтамасыз етеді. Ал шаруалар бұрынғыдай күз болса шала жиналған өнімдерін қалаға тасып, қайда өткізерін білмей сандалып жүрмейді. Өз кезегінде сапалы өнім сатуды көздейтін супермаркеттер үшін де көкөністерді алыс елдерден арбалағаннан гөрі, жақын аудандардан дорбалап болса да тасыған өте тиімді. Ендігі мәселе, фермерлер жаз айларында ғана емес, жылдың төрт мезгілінде сауда желілерін тұрақты қамтамасыз етіп отыруы тиіс.

– Біз үшін METRO қызмет ететін барлық 25 елдегі шағын және орта бизнес өкіл­деріне, атап айтқанда, елдің эконо­ми­калық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылатын жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету – бизнесте үздік әріптес болудың басты шарты. Фермерлік шаруашылықтармен қоян-қолтық жұмыс істеу сауда желілері сөрелеріндегі қазақстандық өнімнің көлемін ұлғайтып қоймай, елімізде пайдалы тағамдармен тамақтану мәдениетін ілгері жыл­жытуға көмектеседі, – деді операциялық қызмет бөлімінің бастығы Артур Янушевский.

Бұл жерде аттап кете алмайтын тағы бір жайт бар. Ауданда отырған шаруалардың өз бетінше үлкен халықаралық супермаркеттерге шығуы неғайбыл. Оның толып жатқан тәртіптері мен талаптары бар. Ауылшаруашылық кооперативі мен бизнес арасындағы кооперация ірі бизнестің шағын бизнеске көмек көрсетуінің бір мысалы. Бұл жұмыс «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастығы» қоры мен «Филипп Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асып отыр. Яғни биылдан бастап фермерлік өнімдерді сату үшін жоғарыда аталған ірі сауда желісі өз сауда алаңдарын тегін ұсынуда. Ритейлге ірілеу әрі тұрақты жеткізілімдер көлемін қамтамасыз ету үшін өндірістік кооперативке біріккен фермерлер өнімдерін Астана, Семей, Павлодар және Өскемен қала­ларын қоса ал­ғанда, Қазақстанның барлық аума­ғында сату мүмкіндігіне ие болды.

ФМҚ компаниясының корпо­ра­тивтік байланыс қызметінің жетек­шісі Ринат Заитовтың айтуынша, 2014 жылы жоба ретінде басталған іс бүгінде нағыз бизнеске айналған. Фермерлер енді кооперативке бірігіп, бизнесті кеңейтуді жалғастыруда.

Бұл жердегі тағы бір мәселе бау-бақ­ша піскенде супермаркеттердегі жергі­лікті көкөністер көлемі 80 процентке дейін көбейеді де, күн суығанда күрт азая­ды. Осы мәселені шешу үшін ФМҚ фер­мер­лерге жылыжай салуға қаржылай көмек беріп, оның қыр-сырын үйретіп отыр.

Атап айтқанда Алматы облысының Еңбекші­қазақ ауданында Агробизнес орталығы ұйымдастырылып, жергі­лікті фермерлер қазіргі заманғы агро­технологияларды, ауыл шаруа­шы­лығындағы менеджмент пен мар­кетингті оқып үйренуде. Диқандар тамшылатып суару, қызанақты аспаларда өсіру әдісін, мульча таспасын пайдалануды және өзге де алдыңғы қатарлы технологияларды игеруде.

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу