Аймақтар • 09 Тамыз, 2018

Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «барахолка» базарындағы сауда үйі өртке оранды, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты

көрнекі сурет

«16.26-те 101 кезекші пультіне Жетісу ауданындағы «Байсат» базары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде оқиға орнына жетті. Қазір қосымша күштер шақырылып жатыр»,- деді Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның айтуынша, қазір өрт сөндірілді.