Алғашқы жылдары сайтта тек кітап сатылғанымен, уақыт өте келе компания басшысы Джефф Безос музыкалық дискілер, түрлі бейнеөнімдер сатуды қолға алды. Кейінірек MP3 жазбалар, түрлі бағдарламалар, компьютерлік ойындар, электронды құрал, киім-кешек, жиһаз, азық-түлік дейсіз бе, барлығын талғамай сата беретін болды. Өткен жылдың соңғы тоқсанында 2 миллиард доллар табыс тапқан Amazon табыс көлемі бойынша әлем бойынша рекорд орнатты.
Акцияларының құны шарықтап өскен компанияның қожайыны Джефф Безос та бір-ақ күнде әлемдегі ең бай адамға айналып шыға келді. Бүгінде Дж. Безостың байлығы 132 миллиард доллар деп бағаланып отыр.
Жалпы, капитал құны триллион долларға жеткен әлемдегі алғашқы компания қытайлық PetroChina екенін айта кетейік. Қытайлық мұнай-газ компаниясы бұл межені 2007 жылы бағындырған-ды. Шикізаттық емес салада «триллионер» атанған екінші компания – америкалық Apple. Осылайша, АҚШ-тың екі бірдей компаниясы «триллионер» атанып отыр.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»