Өнер • 13 Қыркүйек, 2018

Алматыда Чунцин көрмесі өтті

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қытай Халық Республикасы Чунцин  қалалық халықтық үкіметі баспасөз қызыметінің, Чунцин  қалалық халықтық үкіметі сыртқы істер департаментінің, ҚХР Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени, экономикалық және сауда қарым-қатынастарының дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Чунцин келбеті» фотокөрмесі және «Қытай мәдениет күндерінің» ашылу салтанаты өтті.

Алматыда Чунцин көрмесі өтті

Чунцин әлемдегі қарыштап дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі. Бүгінде халқының саны 40 миллионға жуықтап қалған Чунцин Қытайдың оңтүстік-
шығысындағы маңызды өнеркәсіп орталығы болып табылады.

Ертеректе Ба патшалығының астанасы болып табылған 3000 жылдық тарихы бар қаланың аумағы Аустралия мемлекетінің көлеміндей. Мұндағы 11 ғасырға тиесілі тастағы тарихи ескерткіштер әлі күнге туристерді қызықтырып келеді. Қала көріністеріне арналған фотокөрмеде аспанмен астасқан зәулім ғимараттарды, бірнеше қабаттан тұратын көлік дәліздері мен аспалы көпірлерді тамашалауға болады.

Көрменің ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімінің кеңешісі Мамай Ахетов, ҚХР Алматыдағы Бас консулының орынбасары Мяо Хунбо, Ұлттық кітапханасы директоры Жанат Сейдуманов, ҚХР Халықтық саяси консультативті Кеңесінің төрағасы Ван Цзюн сөз сөйлеп, Чунцин қалалық Халықтық үкіметінің насихат бөлімі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің Конфуций институты арасындағы ыттымақтастық меморандумға қол қою рәсіміне Сюэ Чжу ханым, Жанат Сейдуманов, Дай
Юаньхун қатысты. Шара аясында Қытай халқының ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, кітап сыйлау рәсімі өтті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ