Бақытжан Сағынтаев Павлодарда ТМД-дағы ең үлкен деректер орталығының жұмысымен танысты

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы, ТМД-дағы ең үлкен деректер орталығының инновациялық қызметтері таныстырылды.

Егемен Қазақстан
14.09.2018 9039
2

Премьер-Министр Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) командалық орталығы мен гермоаймағын тексерді. Мұнда қарапайым телефон байланысынан бастап, цифрлық телевизия мен кең жолақты интернет нарығындағы соңғы ұсыныстарға дейін әртүрлі қызметтер ұсынылады. Қалалар мен ауылдық елді мекендер арасындағы «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне қол жеткізу мен пайдаланудағы айырмашылық азайып келеді.

«Деректерді өңдеу орталығы» инновациялық жобасы 2013 жылы Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде өз жұмысын бастаған болатын. Бұл — Орта Азиядағы Tier III санатындағы, яғни нысанның жұмысын профилактикалық жөндеу кезінде тоқтатпай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сенімді әрі алғашқы жоба. 

«Қазақтелеком» АҚ деректер орталықтарының желісі жалпы республиканы қамтиды және виртуалды хостинг, VPS, Colocation, Dedicated қызметтері, сондай-ақ, биыл шілде айында қосылған Microsoft Hosted SharePoint, Microsoft Hosted Exchange және бейнеконференция байланысы жүйесі секілді бірқатар инновациялық сервистерді ұсынатын 14 нысаны бар.

Орталықтың жұмысы туралы Genesis Mining компаниясының жергілікті өкілі Лукас Пфайффер айтып берді. Бүгінде деректер орталығы электронды ақпартты өңдеп әрі сақтайтын 11 мыңнан аса құрылғыны қабылдауға қауқарлы. Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйе мысалы, энергетика, кондициялау, өрт сөндіру жүйелері кейінге сақталып, мәліметтерді жіберетін магистралды каналдарға қосылған. Сондай-ақ, Деректерді өңдеу орталығында жинақтық есептеу тұжырымдамасы негізінде жасалған қызметтер ұсынылады, мәселен: жинақтық серверлік платформа, деректерді сақтаудың жинақтық жүйесі, деректерді өңдеудің виртуалды сақтық орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамсыздандыру, интерактивті қарым-қатынас және ақпаратпен алмасу жүйесі, жинақтық бейнеконференция байланысы.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Есекеев Деректерді өңдеу орталығы Қазақстанда ұсынылатын жинақтық қызметтер көлемі бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Клиенттер — корпоративтік сектор мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері. Бұдан өзге, ДӨО ресейлік клиенттер мен серіктестерге қызмет ұсына алады, бұл — Павлодардың РФ шекарасына жақын орналасу жағдайына байланысты.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Севильдік шаштараз шаш қимайды...

23.10.2018

Петропавлда сұйытылған газ жетіспейді

23.10.2018

Залесский: «Қазақ даласының өмірі»

23.10.2018

Жаңа құжат туризм секторына серпін бере ме?

23.10.2018

Жолдау-2018: Мамандар бастамаға қолдау көрсетуде

23.10.2018

Жолдауда айтылған өзекті мәселелер сөз болды

23.10.2018

Жаңа міндеттер жүктейді

23.10.2018

Балалар жылы жастар жылына жалғасады

23.10.2018

Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталады

23.10.2018

Павлодарға «Қайсар» келіп, «Ертісті» жеңіп кетті

23.10.2018

Ономастикадағы отарсыздану ойландырады

23.10.2018

Ортағасырлық қалалар әлемдік мәдениетке үлес қосты

23.10.2018

Қ. Әбдірахманов Қырғызстанның жаңа СІМ басшысын құттықтады

23.10.2018

Жолдау жете түсіндірілуде

23.10.2018

Қоғам қайраткері Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

23.10.2018

Жарқын бастамалар жалғасады

23.10.2018

Қоян өсірген бала

23.10.2018

Шетелдік БАҚ: Елбасының Финляндия мен Бельгия мемлекеттеріне ресми сапары

23.10.2018

Сауда-экономикалық байланыстарға серпін береді

23.10.2018

Ядролық қарусыз аймақтар көшбасшыларын шақырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу