Нейрохирургиядағы тың тәсілдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес отандық медицина саласы әлемнің озық технологияларын енгізуді жалғастыруда. Президенттің бастамасымен 2008 жылы негізі қаланған Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі ретінде бүгінде Азиядағы көшбасшы клиникалардың біріне айналды. Оның базасында микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия бар. Орталық ашылғаннан бері 66 жаңа нейрохирургиялық технология енгізілген.

Егемен Қазақстан
18.09.2018 3593
2

Эпилепсияны емдеудің ең үздік әдісі

Орталықтың алғашқы ашқан бөлімдерінің бірі – балалар нейрохирургия бөлімі. Ми мен жұлын ауруларының барлық түрін емдейтін бөлім жаңа туған сәбиден бастап 18 жасқа дейінгі пациенттерді қабылдайды. Биыл балалар нейрохирургия бөлімі кез келген елде жасала бермейтін емдеудің екі түрлі әдісін енгізді. Оның бірі – туабітті эпилепсияға гемисферотомия тәсілімен операция жасау болса, екіншісі – ошақсыз (генерализацияланған) эпилепсияға жасалатын кезеген жүйкені ынталандыру (стимуляция нервус вагус) түрі.

«Гемисферотомия әдісімен туабітті эпилепсиясы бар нәрестелерге операция жасалады. Бұл – гемимегал немесе ми қос қыртысының синдромы диагнозы қойылған балалардың миын ортасынан бөліп жасайтын операцияның өте ауыр түрі. Ақаумен туған мидың тамырлары да сау болмайды. Операцияға кемінде 4-5 сағат уақыт жұмсалады, кей жағдайда 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қан жоғалтуға жол берілмеуі керек. Бұл үшін реанимация мықты болуы шарт. Біз бұған 2015 жылдан бері дайындалдық. Барлығымыз Франциядағы клиникада тағылымдамадан өттік. Гемисферотомия кез келген елде жасала бермейтін, Еуропаның өзінде санаулы клиникалар ғана қолданатын әдіс», дейді балалар нейрохирургиясының дәрігері, невролог-эпилептолог Гауһар Ибатова.

Дәрігердің айтуынша, мұндай науқасқа балалар ана құрсағында жатып шалдығатын көрінеді. Нәресте миының жартышарында ақ зат пен сұр зат ретсіз орналасып, ми дұрыс дамымайды. Сөйтіп оларда туғаннан бастап талма (судорога) пайда болады. Биыл аталған бөлімде жаңа әдіспен 5 сәбиге операция жасалыпты. «Көп жағдайда талмасы бар бала қалпына келе алмаған күйде жасқа толмай шетінеп кетеді. Ми қос қыртысының синдромы ауруымен туатын балалар да жылдан жылға көбеюде. Менің қабылдауыма бір жылда 15-20 науқас келеді. Бұл өте көп. Бізге жетпей жатқандары қаншама. Жас ата-аналардың да денсаулығы нашар. Бұл өмір сүру салтының өзгеруінен, экология мен дұрыс тамақтанбаудың кесірінен туындап жатқан мәселелер деп ойлаймын», дейді Гауһар Сұлтанханқызы.

Ал кезеген жүйкені ынталандыру (VNS) әдісі эпилепсияның ошағы анықталмайтын, жа­йылмалы түріне қолданылады. «Эпи­лепсияның түрі көп. Мы­салы фокальді эпилепсия ми қыртысының нақты бір бө­лігінде болады да, ауру оша­ғын кесіп алып тастау арқы­лы науқасты сауықтыра аламыз. Ал эпилепсияның генера­ли­за­ция­ланған түрі болады. Нақ­ты ошағы жоқ, бірақ талма тоқ­та­майды, дәрі көмектеспейді. Он­дай кезде біз паллиативтік әдісті қолданамыз. Яғни, сүйек пен тері­нің арасына арнайы аппарат орнатып, оны нервтің үлкен қыр­ты­сына жалғаймыз. Екі аптадан кейін орнатылған электродқа жиілік бере бастаймыз. Құдайға шүкір, мұндай жолмен операция жасаған науқастарымызда талма қайталанған жоқ. Биыл
3 науқасты емдедік. Америкада ға­на шығатын аппараттың бала­масы жоқ. Біреуінің өзі 5 млн тең­ге тұрады», дейді Г.Ибатова.

Тиімді тәсіл – стереотаксикалық жүйе

Әлемде жүрек және қан тамыр аурулары өлім мен ауыр мүгедектікке шалдығудың ең басты себебіне айналған. Жер бетін дендеген дерттің еліміздегі көрсеткіші де жыл сайын артып келе жатқан көрінеді. Ресми мәліметке жүгінсек, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. «Ми тініне қан құйылу, яғни инсульт екі түрлі болады. Қан тамырлардың кемері тарылып немесе бітеліп қалған жағдайда адамдар ишемиялық инсультке шалдығады. Егер тамыр жарылатын болса геморрагиялық инсульт деп атаймыз. Сол геморрагиялық инсульт кезінде қан ми тініне құйылады да, гематома пайда болады. Гематома жүйке орталықтарын зақымдаса адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Кей жағдайда гематоманың көлемі үлкен болмаса да науқаста неврологиялық кемістіктер пайда болады. Бұл кезде стереотаксикалық тәсілмен гематоманы сыртқа шығарамыз. Оны біз ғылыми тілмен аспирация немесе эвакуация дейміз. Биыл осы стереотаксикалық әдіспен екі операция жасадық», деді орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөліміне енгізілген жаңа технологияларды таныстырған нейрохирург Нұрзат Сығай.

Нұрзат Әшірбекұлының айтуынша, бұл жаңа әдіс бір операция арқылы бірнеше емді қатар жүргізуге жол ашты. «Бірінші кезекте операция жергілікті жансыздандыру арқылы жасалады. Ота кезінде науқаспен кері байланыста бола отырып, асқынуларды дер кезінде байқап қалуға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, уақыт жағынан ұтамыз. 3-4 сағатқа созылатын ұзақ операциялар ағзаға үлкен агрессия береді. 3 сантиметрден аспайтын тесік тесу арқылы жіңішке түтікшелер мен жасалатын бұл әдіске ұзағанда 40 минут уақыт жұмсаймыз», дейді ол.

Аталған бөлімде стерео­так­си­ка­лық әдіс арқылы мидағы жы­лауыққа да операция сәтті жасалып жатыр. «Ми ісігінің түрі көп. Кистамен (жылауық) бірге өсетін ісіктер болады. Патологиялық тіндері кішкентай болғанына қарамастан мұндай ісіктер тудыратын киста үлкен болуы мүмкін. Ол үлкейген сайын миды қысады да, адамның неврологиялық жағдайы күрт нашарлайды.

Соны болдырмау үшін стереотаксикалық жақтауды (рама) қолданып, кистаны тесіп ішіндегі сұйықтықты алып тастаймыз. Керек болған жағдайда қосымша зерттеуге жібереміз. Кейде сұйықтықтың құрамында ісіктің жасушалары болады. Сол жасушаларды анықтау арқылы гистологиялық сипатын білуге мүмкіндік аламыз. Ем-домды соған қарай отырып жалғастырамыз. Яғни бір операциямен екі түрлі емге қол жеткізе аламыз», дейді стереотаксикалық әдістің тиімділігін жеткізген Н.Сығай.

Науқастың жанын қинамай, бір сәтте екі бірдей операцияны жасауға жол ашқан әдістің тағы біреуі – тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімі енгізіп отырған ICG көмегімен флуоресцентті ангиографияны қолданумен мидың қантамырлы ауруларының микрохирургиясы тәсілі. Бөлімде бұл технологиямен биылдың өзінде 5 операция жасалған.

ICG – бояғыш зат. Дәрігерлер ми және жұлын қан тамырларына операция кезінде осы дәрінің тигізер көмегі мол екенін айтады. «Мысалы, әдетте артерия-веналық мальформацияға микроскоп арқылы операция жасаған кезде түйілген тамырлардың толық алынған-алынбағанын біле алмаймыз. Оны анықтау үшін операциядан кейін науқасқа қайта ангиография жасалатын. Ангиографияның өзі бір операция. Ал осы жаңа әдіс енгізілгелі операция кезінде тамырға ICG дәрісін жіберіп, тамырды анық бақылауға мүмкіндік алып отырмыз», дейді тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Махамбетов.

Омыртқаны қалыпқа келтірудің жаңа жолы

Көп функционалды кейдж имплантациясы омыртқааралық дискінің ауруларын емдеу үшін Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Аталған әдіс физиологиялығымен, ену жолының аз инвазивтілігімен және омыртқа биомеханикасымен ерекшеленеді. «Шеміршек тозған кезде бұрын екі омыртқаның арасын қатырып қоятынбыз. Бұл өз қызметін атқарғанымен, қимылдамайтын. Ал жаңа әдіс арқылы қойылатын жасанды шеміршектің табиғи шеміршектен еш айырмашылығы жоқ. Науқас та көп қиналмайды. Операцияның ертеңінде қалыпты қозғалып, жұмысына кірісе береді», дейді жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімінің меңгерушісі Талғат Керімбаев.

Сондай-ақ орталық омыртқаға жасалатын операциялар кезінде жүйке жүйесін зақымдаудың алдын алатын жаңа әдісті де енгізген. «Омыртқаның дегенерациялық дистрофиялық зақымдануы кезіндегі тік бүйірлі корпородез (DLIF) әдісін қолдану омыртқаның сагитальдық және аксиальдік, фронтальдық жазықтықта омыртқаның кифосколиоздық деформациясын түзетуге және бұлшықет-байланыс аппаратын бұзбай зақымданған омыртқа-қозғалыс сегменттерін тұрақтандыруға, қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістермен жетуге мүмкіндік бермеген фронтальды жазықтықтағы омыртқаларды листериоздауды жоюға мүмкіндік береді. Транспедикулярлық винт тұтастығын тексеру алдында нервтің қысылуын және зақымдануын анықтауға көмектеседі», дейді нейрофизиолог Сәуле Өтеуова.

10 жылдың ішінде аталған медициналық мекемеде 37 мыңнан астам науқас емделген болса, олардың ішінде 25 мыңнан астам пациентке осындай озық әдіс-тәсілдермен операция жасалған. Ұлттық нейрохирургия орталығының алдағы жоспары Орталық Азия елдерінің ешбірінде жоқ радиохирургия әдісін енгізу екенін мамандармен әңгімелесу барысында білдік. Демек Астанада гамма-пышақпен операция жасалатын күндер де алыс емес.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Зылиха апай (әңгіме)

16.10.2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

16.10.2018

Жерге жаңаша көзқарас пен қатаң бақылау қажет

16.10.2018

Қостанай облысында өнімді өңдеу секторы 53 поценттен асты

16.10.2018

Қазақстандық қамту: отандық өнімнің өрісі неге тар?

16.10.2018

Юлия Путинцева жарысты жеңіспен бастады

16.10.2018

Павлодар облысында отырғызылған ағаштардың 70 пайызы өспей қалған

16.10.2018

Съезд – нақты іске көшудің мысалы

16.10.2018

Түркістан еңбек күші бар, бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс

16.10.2018

Бүгін Елбасының Финляндияға ресми сапары басталады

16.10.2018

Түркістан облысында бюджеттік мекемелерге жылу берілуде

16.10.2018

Қызылша шаруашылығы қарқынды дамып келеді

16.10.2018

Грузиядағы президент сайлауына Қазақстаннан жіберілетін байқаушылар тізімі бекітілді

16.10.2018

Қостанайда ұрланған малдың 60 проценті иесіне қайтпайды

16.10.2018

Ресейдің Челябі облысында өткен көркемсөз оқу байқауында қандастарымыз лауреат атанды

16.10.2018

Іскер жастарға арналған жаңа жоба басталады

16.10.2018

Кедергісіз орта – келешек кепілі

16.10.2018

Арман Сейітмамыт: Кино әлеміне «Ел Арнаны» барынша етене жақындастыру керек

16.10.2018

Орнықты дамудың бағдары - Тадеуш Шозда

16.10.2018

«Хат қоржын» (16.10.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу