Президент • 25 Қыркүйек, 2018

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
 

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына және Шымкент қаласына барады.