Аймақтар • 01 Қазан, 2018

Павлодар облысында астық жиналуда

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, өңірде дәнді дақылдар 60 пайызға жуық жиналып бітті.

Павлодар облысында астық жиналуда

Жалпы, өңір бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 11,4 центнерді, ал, жалпы өнім 480 мың тоннаны құрайды.

Биылғы жылы өңірдің шаруалары 1,055 гектар аумақтан астық жинауды жоспарлап отыр. Астықты алқаптардың басым бөлігінде егілген дәнді дақылдардың көлемі  729 мың гектар, майлы дақылдар -  215,9 мың гектарды құрайды.

Қазіргі кезде өңірде 422 мың га аумақта астық жиналып болды. Бұл дәнді дақылдар егілген аумақтың 58 пайызын құрайды. Гектардың орташа шығымдылығы 11,4 центнер деп есептесек, жалпы өнім 480 мың тоннаны құрайды.

Сонымен бірге, шығымдылығы 281 центнер деп есептегенде 353 мың тонна картоп, 116, 0 тонна көкөніс, 81,5 тонна бақшалық дақылдар  жиналды.

Биылғы жылы күзгі орақ маусымы кезіндегі шаруалардың дизель отынына деген сұранысы 21 мың тоннаны құрады. Жанар-жағармайдың барлық бөлінген көлемі толықтай төленіп, 14,8 мың тонна шаруаларға жеткізілді.

Шөп шабу науқанына келсек, фермерлер 1,5 миллион гектар аумақта жұмыс істеп, 1,2 миллион тонна жем-шөп әзірледі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев