Мұзға жазылған Еуропа тарихы

XIII ғасырдың ортасында Еуропаны оба жайлап, ол аймақтағы халықтың үштен бірін жалмағанда, орта ғасыр қоғамының тарихы Альпідегі мұздықтар қатпарына қатталып жатты.

Егемен Қазақстан
03.10.2018 4921
2 ОРЭЛЬ ШВЕРЗМАНН

Ханна ХОА, «Нью-Йорк Таймс»

Миллиондаған адам опат болып жатқан кезеңде, батыс Еу­ропадағы өсетін өсімдіктердің, ағаш­­тар мен егіндердің тозаң­дарын жел Альпіге қарай ұшырды.

Тозаңдар қар түйіршіктерімен қосылып, аймақтағы ең биік тау­дың басына – Монте-Роза шыңы­на қонды. Уақыт өте келе қар қатып, мұзға айналып, үсті-үстіне қабатталып, қоршаған ортаның өзгерістерін қаттап жинай берді. 

Ғасырлар өткеннен кейін, мұзға жабысқан егін тозаңдары тарихи оқулыққа айналды десек болады. Онда індетке байланыс­ты ауыл шаруашылығының құл­ды­раған кезеңі қатталған. Мәселен, олардан жағымсыз ауа райы өнім түсімін нашарлатқанын және алқаптарға дән себілмегенін, жұ­мыс істейтін ешкім қалмағанын анықтау қиын емес.

Италия мен Швейцария шекарасына таяу маңда, құрлықтың қақ ортасында орналасқан Колле Ги­фетти мұздығы шамамен 10 мың жылдан бері Еуропадағы шаң­ды жинап келеді. 

Берн университетінің Oes­chger климат өзгеруін зерттеу ор­талығы мен өсімдік ғылымдары институтының климат жөніндегі зерттеушісі Сандра Брюггер мұз­дықтарда қабатталған тозаң­дарды, саңырауқұлақ спораларын, көмірлер мен күйелерді тексеретін тәсіл ойлап тапты. Ол кей­бір тұсы 4500 метрге дейін жете­тін швейцариялық мұздықты зерттеп жүр. Сандра Брюггер 1050 жылдан бергі Еуропадағы ауа райының күрт құбылуын, егін егу тәсілінің өзгеруін, егістіктің өспеуін және ласта­нуын анықтауға кірісіп кеткен. 

Еуропа XIV ғасырда орасан апаттарға кездесті. «Оба інде­тінен» бұрын Еуропадағы ең үлкен аштық болды. Тарихи деректерге сүйенсек, 1315-1317 жылдар ара­лығында тоқтаусыз жауып, Еуропадағы егістік алқаптарын жайпап кеткен жаңбыр обаның тарауына әсер етуі мүмкін. 

Брюггер ханым дақылдар мен кендір тозаңдарының уақыттар бойғы өзгерісін зерттеп, олардың артуы мен азаюын тіркеп отырады. «1300-ші жылдардың басында егіс тозаңдары айтарлықтай азайып кеткен. Осы кезеңде адамдар аштыққа ұшыраған және ауылшаруашылықпен сирек айналысқан», дейді ол. 

«Оба індеті» 1347-1351 жылдары Еуропаға үлкен шығын әкеліп, 75 миллион адамның қаза табуына себеп болғаны белгілі. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы мүл­дем тұралап қалған екен. «5-10 жылғы мұздар қабатында еш­теңе кездеспейді», дейді ол. Ке­йінірек ауылдар қайта жандана бастаған уақытта тозаңдар қайтадан қона бастаған. 

Шөп тозаңдары XI және XII ғасыр аралықтарында өте көп кездеседі. Ортағасырлық жылы дә­уірде, Еуропа мен солтүстік Ат­лантикаға таяу аймақтағы температура қазіргіден жылырақ болып, егістік пен ормандар жайқалып өскен. Шөп тозаңдарының жиі кез­десуі ашық алқаптардың көбеюі, ормандардан гөрі жайы­лым­дардың көбейгенін көрсетеді.

1750 жылғы деректер өте күрделі. Осы дәуірде Еуропа эко­номикасы қарқындап, өнер­кә­сіптік революция басталды. Тарихи деректерге сүйенсек, Христофор Колумб 1493 жылы Еу­ропаға жүгеріні алғаш әкелгені белгілі. Бірақ жүгері тозаңдары 1700-ші жылдардың ортасындағы мұздық жамылғысында ғана кездеседі. Бұл – жүгерінің бірден кең көлемде ауыл шаруашылығы өніміне айналмағанын көрсетеді. 

Дәл сол дәуірде Еуропада өнеркәсіпке бет бұрып, қалалар көбейе түскен болатын. Мұны мұз жабындарынан да байқауға бо­лады. Көміртегінің шағын бөл­шектері осы уақыттан бастап кез­деседі. Орталық Еуропаның ағаш­тан көмірді тұтынуға ауыс­қаны байқалады. 

Жылнамашылар мұндай тарихи оқиғаларды тіркесе де, деректерді қолмен жазу санаулыға ғана бұйырып, географиялық тұр­ғыда шектелуі мүмкін. Гар­вард университетінің тарихшысы жә­не климаттану ғалымы Алек­сандр Мурдың айтуынша, «Мұз­дықтардағы деректерді тарихи жылнамамен салыстыру сол ке­зеңнен мүмкіндігінше шынайы ақпарат береді».

Oeschger орталығы мен Paul Scherrer институты атмосфера химигі Маргит Швиковский се­кілді көптеген ғалымдар кли­мат өзгеруіне байланысты мұздық­тардың тағдырына алаңдаулы. Ол қазіргі таңда мұздықтарды зерт­теп жүр. Колле Гнифетти аса биік­те орналасқаны үшін ғана мыз­ғымай тұр. 
«Қазіргі таңда ерімеген мұз­дық кездестіру қиын. Сондай-ақ оларды зерттеу де оңай емес. Біз зерттеуге тиіс дүниелер су бо­лып ағып кетіп жатыр», дейді Шви­ковский. 

Осылай жалғаса берсе, 10 мың жылдық тарихтан хабар бе­ретін күйе, спора және тозаң дерек­терінен ештеңе қалмауы мүмкін. 

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

14.12.2018

Отырарда Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ пен ескерткіш ашылды

14.12.2018

Қарағанды облысының «Жыл мұғалімі» белгілі болды

14.12.2018

Бүркітшілер олжалы оралды

14.12.2018

Азат елдің бағы да жоғары

14.12.2018

Көк ту рухымызды көтерді

14.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

14.12.2018

Әл-Айннан олжалы оралды

14.12.2018

Ғасырлар бойы армандаған азаттық

14.12.2018

«Куньлунь РС» клубынан басым түсті

14.12.2018

Оралда «Жаһанша оқулары» өтті

14.12.2018

Әнұранды асқақтатқан саңлақтар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу