«Аймақтық деңгейдегі жалпы спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру үшін резервтер болу керек. Бұған дейін 50 дене шынықтыру және сауықтыру кешенін ашу туралы айттым. Осы жолы 50 емес, 100 кешен салуды тапсырамын. Мұны облыстар мен аймақтар да жасай алады. Бұған үлкен қаражат пен зәулім ғимараттың қажеті жоқ. Аулаларда жаттыға алатын мүмкіндік болу керек», деді Елбасы.
Ал қолда бар нысандарды ұтымды пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, дене шынықтыру кешендері тегін немесе арзан ақыға жұмыс істеуі керектігін де өз Жолдауында айтып өтті.