Президент • 06 Қазан, 2018

Шолпан Бөлекбаева: Медициналық мекемелерді цифрландыру жайы өзекті

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шолпан Бөлекбаева: Медициналық мекемелерді цифрландыру жайы өзекті

Биылғы Жолдауда да Президент халықтың тұрмыстық сапасын арттыруға қатысты маңызды ойлар айтып, медициналық қызметтің әлеуетін арттыру азаматтардың әлеуметтік көңіл күйіне әсер ететін маңызды компонент екендігіне баса назар аудартты. Елбасы өз сөзінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауылдық жерлерге қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтуы, осы салада еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы берген тапсырмасы денсаулық сақтау жүйесіне елеулі серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ көптен бері өз шешімін таппай келе жатқан медициналық мекемелердегі құжаттарды цифрлы нұсқаға көшіру ісі де алдағы жылдан басталатындығы маңызды жайттардың бірі болып отыр. Өйткені бұл кешенді шара дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыра түседі. Сонымен қатар алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 процентіне дейін жеткізу деген міндет те еліміздегі әлеуметтік саланың дамуын жаңа белеске көтереді деп ойлаймыз.

Жалпы, Елбасы Жолдауында айтылған барлық бағыт өте маңызды және олардың халыққа берері мол. Енді тек белгіленген жоспарлы жұмыстарды сәтті жүзеге асырып, тәтті жемісін татуымыз керек.

Шолпан БӨЛЕКБАЕВА,

«UMC» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры