Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Қазақстандық ұстаздар мен Каунас педагогтары меморандумға қол қойды

447 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» және Каунас қаласы педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының (Литва Республикасы) ынтымақтастық қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық ұстаздар мен Каунас педагогтары меморандумға қол қойды

Меморандумға қол қою тараптардың кәсіби байланыстарын ынтымақтастықпен нығайту, олардың әріптестік бағдарламаларды құру мүмкіндігін кеңейту және білім беру саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ делегациясы құрамында: «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары п.ғ.д., профессор Ж. А.Қараев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары И. М. Самсаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институт директоры, п.ғ.д. профессор Ж. А. Мақатова,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының директоры, п.ғ.д. профессор С. М. Кеңесбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.д. Р. А. Садвакасов , «Өрлеу» БАҰО» АҚ кәсіптік білім беру, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, биология ғылымдарының кандидаты А. Ф. Исламгулова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, PhD Т. Б. Қилыбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі А. Т. Қасымбекова және т.б оқу-ағарту саласының өкілдері болды.

Литва делегациясын Алматы қаласындағы Литва елшілігінің  Бас консулы Дарюс Виткаускас бастап келді. Қонақтар құрамында Литва елінің оқу-ағарту саласындағы көшбасшылары, техника ғылымы және әлеуметтік ғылым докторлары, ағарту саласы мәселелері бойынша қала мэрінің көмекшісі қызметіндегі белгілі тұлғалар болды.

Сонымен бірге, Каунастағы Панемунский бастауыш мектеп директоры Виргиния Рупайнене, Каунастағы педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының директоры Раса Борткявичене, әлеуметтік ғылым докторы, инженерлік лицей директоры Дайнюс Жвирдаускастар қатысқан бұл жиында Литва мектеп директорлары қауымдастығының Каунас бөлімшесі Президенті, Александр Пушкин атындағы гимназия директоры Эрикас Гришкявичус делегация құрамымен жиналғандарды таныстырды. Сондай-ақ делегация құрамындағы «Саулес» Каунас гимназиясының директоры Соната Драздавичене, Петрашюнский атындағы Каунас гимназиясының директоры Антанина Джюгене, Тадас Иванаускас атындағы Каунас гимназиясының директоры Сигитас Алубаускас, Казиса Гринюса атындағы Каунас гимназиясының директоры Станисловас Шиманаускас, әлеуметтік ғылымдар докторы, Ионаса және Пятраса Вилейшисов атындағы Каунас гимназиясының директоры Даля Лапенене, Майрониса атындағы Каунас гимназиясының директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы Дайва Гарнене, Каунас Миликонский прогимназиясының директоры Янас Ризгялис болды.

Литвалық делегациясы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының» жетістіктерімен танысып, «Робототехника», «М. Монтессори» кабинеттері мен Ақпараттық-коммуникациялық орталығында, мультимедиялық зертханада болып, Қазақстандағы біліктілікті арттыру жүйесінің тарихи мұражайын аралады.

Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз еліндегі білім беру жүйесі құрылымындағы ерекшеліктерімен, жетістіктерімен бөлісіп, ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Қазақстан мен Литва арасындағы ынтымақтастық жаңа кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндігі, жаңа идеялар жаңғырығына жасалған маңызды қадамның бірі болып табылады.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ