Абай атындағы Ұлттық университет 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Еліміздегі байырғы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бүгінде ірі ғылыми және білім беру орталығы дәрежесіне жеткен. 

Егемен Қазақстан
09.10.2018 1925
2

Өзінің 90 жылдық тарихында педагог мамандарды даярлау ісінің озық жетістіктері мен заманауи білім беру үлгілерін игерген оқу орны жаһандық білім беру кеңістігінде жоғары деңгейдегі университеттер қатарында аталады. Жақында мерейтойын салтанатты жағдайда атап өткен университет ұжымы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау саласындағы озық жетістіктерін үлгі ете отырып, тағы бір ерекше кезеңге қадам басты.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын оқыды. Отандық жоғары білім беру жүйесінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихы еліміздегі жалғыз педагогикалық факультеттен бастау алып, жетекші оқу орнына айналып отыр. Оқу орнының қалыптасуында белгілі ұлт қайраткерлері  Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов және көптеген көрнекті тұлғалардың қосқан үлесі зор. Бүгінде университетте Қазақстанның қарышты дамуына қажетті мамандар даярлайтын 14 академик, 155 ғылым докторы және 380 ғылым кандидаты сабақ беріп келеді.

Шара аясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің құттықтауын вице-министр Эльмира Суханбердиева оқып, мерекелік шараға тілегін білдірді. Ал өз кезегінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ  сөз сөйлеп, университет ұжымына жетістіктер тіледі.

Ректор Такир Балықбаев мерейтойлық іс-шараның маңыздылығына тоқтала келе,  Қазақстанның педагогика саласындағы жетекші ғылыми және білім беру орталығы ретіндегі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жыл сайығы әлемдік және ұлттық рейтинггі туралы атап өтті. Биылғы жылы QS World University Rankings рейтингсінің қорытындысына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің үздік университеттері арасында 481-ші орынға көтерілсе, Emerging Europe және Central Asia арнайы рейтингінде Еуропаның және Орталық Азияның 30 еліндегі 200 жоғары оқу орындары арасында 86 орынды иеленген.  Қазіргі уақытта университет әлемнің 25 еліндегі 130 жоғары оқу орнымен ғылыми және академиялық байланыс орнатып, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді.

Ұлттық университеттің мерейтойлық салтанатына ҚР Парламент Сенатының  депутаты Динар Нүкетаева, ғалым, қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Ұлттық ғылым академиясы және шетелден келген ғалымдар қатысты.

Университеттің мерейтойы аясында шетелдік әріптестердің қатысуымен  бірқатар маңызды шаралар өтті. Францияның 8 университетімен меморандумға қол қойылуы оқу орны тарихындағы маңызды іс-шаралардың біріне айналды.

Мерейтой аясында университеттің тарихы мен жетістіктері туралы деректі фильм көрсетіліп, қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

21.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

21.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

21.10.2018

Қостанайда есірткі сатушылардың көшедегі жарнамасы өшірілді

21.10.2018

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

21.10.2018

Қостанайда Абай Әмірхановты еске алуға арналған фестиваль өтті

21.10.2018

Алматыда үйінен шығып кеткен журналист келіншектің мәйіті табылды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда республикалық ақпараттық-насихат тобы Жолдау талаптарын түсіндірді

21.10.2018

Дәрігер телефонмен кеңес береді

21.10.2018

Мәдениет министрі жолдау бағыттарын түсіндірді

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

21.10.2018

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

21.10.2018

Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті

21.10.2018

Туризмді дамыту жайы халықаралық форумда талқыланды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті

21.10.2018

Музейге қатысты мәселе талқыланды

21.10.2018

Қостанайда Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтті

21.10.2018

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

21.10.2018

«БӨРІЛІ МЕНІҢ БАЙРАҒЫМ...»

21.10.2018

Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу