Италиялық инвесторлар Маңғыстауға қызығушылық танытты

Ақтау қаласындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасында Италияның бизнес делегациясы мен маңғыстаулық кәсіпкерлер басқосу өткізді. 

Егемен Қазақстан
11.10.2018 3184
2

Кездесу мақсаты - екіжақты іскерлік қарым-қатынасты дамыту. Италия іскерлік тобын Лониго қаласының мэрі Лука Рестелло бастап келді. Онымен бірге Қазақстандағы Италия елшісінің орынбасары Марко Эзпосто, мэр кеңесшісі Диего Марказан және «Лейзин» халықаралық мектебінің бас директоры Георгий Махвиладзе де бар.

Тараптар туризм, құрылыс, ауылшаруашылығы, кен өндіру салаларын бірлесіп дамытуға қызығушылық танытып отыр.

- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің дамуына жаңа міндеттер жүктеді. Елімізге келетін импортты отандық өніммен алмастыру бойынша жұмысты күшейту және тауарды экспорттаушыларға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті. Облыста сыртқы саудаға шығатын полиэтилен құбырлары, цемент және аммоний нитратының экспорты үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт - 3,1 млрд $, импорт -338,1 млн $. Қазақстанда сауда әріптестігін нығайтқан алғашқы үштікте Италия тұр. Бұл елмен Маңғыстаудың сауда айналымы 482,2 млн. АҚШ долларын құрады, яғни экспорт - 447,1 млн. АҚШ доллары, импорт - 35,2 млн. АҚШ доллары, деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қарасаев.

Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігін мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты құрайды (265,7 млн. АҚШ доллар), табиғи асфальтқа негізделген битум қоспалары 25 мың АҚШ долларына жетіп отыр. Бұдан басқа, экспорттың үлес салмағын 54 мың АҚШ долларын құрайтын қара металдардың жіксіз құбырлары, түтікшелері мен құймалары толықтырады. Аймақтағы импорт көлемі- 35,2 млн $, соның ішінде құбырлар, кақпақтар мен құбырларға арналған жабдықтар - 10,1 млн $, сұрыптау, скрининг және тас бөлу үшін жабдықтар - 10,1 млн. АҚШ долларына жетті.

Осы жетістіктерді одан әрі дамытып, екіжақты тиімді қарым-қатынасты көздеген Лониго қаласының мэрі Лука Рестелло: «Ақтау мен Лониго қалалары арасында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Соның негізінде өңірде инвестициялық жобаларды дамытуды көздейміз. Мәдениет, білім, спорт салаларына да қосарымыз бар. Ауыл шаруашылығына арналған жобаларымыз да қызықтыруы әбден мүмкін, деді.

Басқосуда сөз алған аймақтық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова «2007 жылдан бері интерьер, жиһаз жасаушы 70-тен астам италяндық кәсіпкерлермен жұмыс істеп келемін. Миланда өтетін барлық көрмелерге қатысамын. Ондағы зауыттардың инновациялық құралдармен жабдықталғанына көзім жетті. Сондықтан да іскерлік әріптестікті одан әрі дамытуға дайынмын» десе, облыста қонақ үйлер кешенін дамытушы кәсіпкер Тимур Абдыкаримовтың айтуынша, Маңғыстаудың туристік әлеуеті жоғары. Қазірдің өзінде қонақүйлерге тәулігіне 500 адам келеді. Алда үлкен кешен құрылысы аяқталғаннан соң медициналық туризм ілгерілеп, емдеу-сауықтыру шараларын жүргізіп, тәулігіне 800 адам қабылдау жоспарланған. Осы салада италяндық әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын.

Бизнесті бірлесе дамытуды ұсынған кәсіпкерлер келер жылы сәуірде Италияда өтетін экономикалық форумға шақырту алды. Маңғыстауда теориялық тұрғыда айтылып, қағаз жүзінде жасалған келісімдер сол кезде нақты жүзеге асады. Инвесторлар іскерлерге тең дәрежеде мүмкіндік жасалады деп сендіріп отыр.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облыс

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

17.10.2018

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

17.10.2018

Бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

17.10.2018

«Барыс» «Автомобилисті» ұтты

17.10.2018

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

17.10.2018

Аргентинада үш боксшымыз финалға шықты

17.10.2018

Атырауда 2500 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

17.10.2018

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

17.10.2018

Жұмекен жырларын жатқа оқыды

17.10.2018

Солтүстік Қазақстанда Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды

17.10.2018

Дарындылар топ жарды

17.10.2018

Суретшілер симпозиумы

17.10.2018

Амангелді батырдың туы қандай болған?

17.10.2018

Ел әкемді әулиедей көруші еді

17.10.2018

Машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

17.10.2018

Даладай дарқан, таудай заңғар

17.10.2018

«Алтын тамыр» – аймақ тарихының айнасы

17.10.2018

Алтай сынды ұлы тауды ұлықтауға тиіспіз!

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу