Әлем • 12 Қазан, 2018

Францияның атышулы қылмыскері тұтқындалды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция полициясы үш ай бойы жасырынып келген баукеспе ұры Редуан Фаидты қолға түсірді, деп хабарлайды Францияның Le Parisien газеті.

Францияның атышулы қылмыскері тұтқындалды

Ақпарат құралдарына қолға түсіру операциясы туралы нақты мәлімет берілмеген. Келіп түскен ақпарат бойынша, полиция қызметкерлері Редуан Фаидты Францияның солтүстігіндегі Крей қаласында ұстаған. Қылмыскермен бірге тағы 6 адам тұтқындалған, олардың үшеуі Фиданның туысы.

Фаид – Францияның атышулы қылмыскерлерінің бірі. Оның Алжирден Францияға қоныс аударған әкесі де 90-жылдары қылмыскерлер тобын басқарған.

Редуан бірінші рет 1998 жылы 18 жылға сотталып, 10 жылдан кейін еркіндікке шығады. 2018 жылы сәуір айында ұрлық жасағаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Редуан Фаид Францияның Рео қаласындағы жазасын өтеп жатқан түрмеден 1 шілде күні қашып кетеді. Қылмыскерді заманауи қорғаныс жүйесімен жабдықталған жаза үйінен тікұшақпен алып қашқан.