Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

Астанада «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы мен LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымы бірлесіп «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 16-18 қазан аралығында «Мүгедектігі бар азаматтардың өмір салтын жақсарту және мүгедектер арбасын жинау» тренингін өткізді. Рухани келісім күніне орай «Барыс-Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау және Қоғамдық даму министрліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Егемен Қазақстан
19.10.2018 23
2

Оқу курс аяқталғаннан кейін, «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры арбаларды Мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы ұсынған тізім бойынша Қазақстанның барлық облыстарына жеткізіп береді.

Айта кететіні, Қазақстан Республикасының көлемінде түрлі әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысатын «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры 2017 жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған. Елбасының 2017 жылғы 20 маусымдағы Жарлығына сәйкес, аталмыш қор жеке және заңды тұлғалардың еркін түрде бөлген қаржыларын біріктіріп, қайырымдылық жасап, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жолдауды, дәстүрлі рухани және діни құндылықтарды дамыту, бейбітшілікті нығайту, қоғамда достық пен келісімді сақтау, рухани білім беру ұйымының, діни, тарихи, мәдени маңызы бар ғимараттар мен нысандардың қызметін қамтамасыз ету және діни мекеме қызметкерлерін және рухани ұйымдардың қызметкерлерін қолдауды көздейді.

Сонымен қатар, халықтың діни сауатын арттыру, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету және теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік тұрғыда бейімдеуді мақсат тұтады. Мұның баршасы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекет саясатының дін саласындағы маңызды бөлігі саналады.

16-18 қазан күндері өткен тренинг барысында «УАҚЫП» қайырымдылық қоры 30 бірдей мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбасын тегін табыстаса, қалғаны республиканың барлық өңіріндегі мұқтаж жандарға өтінім мен кестеге сәйкес таратылмақ. Арбаларды әділ түрде бөлу қатаң бақылауда болады және жобаның ашықтығын толықтай қамтамасыз етеміз дейді қор қызметкерлері.   

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақкер» бола алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа көлемді ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелердің өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Мен үшін ағам – нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

«Өлкетану» оқулығы дайын

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда үш кеме неге қалған?

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу