Жолдау-2018: Мамандар бастамаға қолдау көрсетуде

Егемен Қазақстан
23.10.2018 2615
2

Сыннан қорытынды шығаруымыз керек

Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауынан халқымыз жақсылық күтеді. Тағы қандай әлеуметтік көмек беріледі, жалақы қаншалықты көбейеді деп күтетіндер де бар. Алайда халықтың көпшілігін мемлекеттің болашағы алаңдататындығы даусыз.

Мемлекет мықты болса бәрі орнына келеді. Елімізде «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасына байланысты көп жұмыс жүріп жатыр. Олардың қаншалықты орындалып жатқандығын кешегі Жолдау айқындап берді. Яғни, адастырмас темірқазығымыз бар, келешегіміз кемел болмақ. Мамандығымыз дәрігер болғандықтан медицина сала­сындағы барлық жағдайды тара­зылап жүреміз. Ауылдағы учас­келік дәрігерлердің жағдайы мен ай­лығы сын көтермей келгені рас. Айлы­ғы шайлығына жетпей, басқа салаға кетіп жатқандарды көргенде жүрегіміз ауыратын. Енді Елбасының тапсырмасымен учаскелік дәрігерлердің жалақысы көбеймек. Бұл – шын мәнінде қуанышты жағдай. 

Кеше Елбасы тарапынан біздегі кейбір науқастардың отандық мамандарға сенбей, шетелден ем алады деген сын айтылды. Мемлекет Қазақстан медицина­сы­на әлемдегі ең озық медициналық қон­дырғыларды әкеліп жатыр. Білікті маман тапшылығы әлі де айқын сезіледі. Елба­сының сынынан біз қорытынды шыға­руымыз керек. Білімімізді көтеріп, мықты кадрларды өз елімізде жұмыс жасауға жұмылдырсақ бәрі орнына келеді. 

Анар ШҮКІРОВА,

Қызылорда облыстық «Ана мен бала» орталығы

директорының бала денсаулығы жөніндегі орынбасары

Барды ұқсата білсек, ұтарымыз көп

Елбасы өз Жолдауында мемле­кетіміздің қазіргі жағдайында бизнесті көтеру керектігін қайыра еске салды. Ос­ы жолы да шағын және орта кәсіпкерліктің, жалпы бизнес саласының алға басуына үлкен басымдық беріліп отыр. Кез келген қоғамда орта тап әлеуетті болмайынша, ол мемлекеттің қарқынды дамуы екіталай екені белгілі. Сондықтан осы мәселеге Елбасының айрықша көңіл бөлгеніне ризамыз. 

Қарқынды дамыған елдің жетістігі неден туындайды? Ол алдымен ғылым мен білімге жағдай жасаудан басталады. Осы орайда Президент болашақ жастарымыздың сапалы білім алып, сауатты маман болуына балабақшадан бастап жағдай жасалуына мүмкіндік берді. Біздің елімізде денсаулық, білім және ғылым саласына жасалып жатқан қамқорлық талай елге үлгі боларлықтай. Менің білуімше, дамыған мемлекеттердің өзінде бұл салаларға әрі кетсе сол елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызындай қаржы бөлінеді. Ал бізде 10% бөлінбек. Ойлап қарасақ, бұл шын мәніндегі жаңғыруға себеп болатын ­бастама. Өте қуанышты жағдай. 

Жолдауда ерекше айтылған мәселенің тағы бірі – өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсету. Президент Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл дегенің «өзіңде барды ұқсата біл» деген сөз ғой. Күнделікті тұтынатын тауарымыз, өзімізден шығатын қант, сүт пен май отандық нарықта жеткілікті болып, тіпті оларды экспортқа дайын өнім түрінде шығаруға әлеуетіміз жеткілікті. Тек ұйымдастыра біліп, пайдалануымыз керек деген ойдамын. Елбасының осы салаға қаржы бөліп, шешу жолдарын өзі көрсетуі, оны жеке бақылауына алам дегені нақты нәтижеге апарады деп сенемін. 

Болат КӨМЕКОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Отандық өнімнің орны бөлек

Елбасы жергілікті тауар өндіруші­лерге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Президенттің халыққа арнаған кезекті Жолдауынан осы қамқорлықты аңға­ру қиын емес. Тарихи құжатта қазақ­стандықтардың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартудың келелі міндеттері ұсынылып, оның ішінде шағын және орта бизнес саласын дамытудың ұт­қыр жолдары айқындалды. Мұндағы эко­номикалық саясаттың басты бағыты – отандық өнімдер мен тауарлардың сыртқы нарықтағы үлесін молайту. Осыған орай Үкімет пен Ұлттық банкке басым бағыттағы жобаларға қолжетімді несие беру үшін 600 мил­лиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл ұсыныс солтүстікқазақстандық кәсіп­кер­­лер тарапынан да қызу қолдау тапты. 

Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері зор екенін дәстүрлі тарихи құжат тағы бір айғақтап берді. Бұған дейін қабылданған стратегиялық шешімдер мен нақты іс-қимылдардың арқасында кәсіпкерлік сала ұлттық экономиканың жетекші күшіне айналып, онымен айналысатындардың қатары көбейіп келеді. Десек те, бұл бағытта әлі де басымдыққа жете алмай келе жатқанымыз жасырын емес. Әсіресе, шикізатты өңдеу, өндіру және өткізу, тың технологияларды игеру жағынан шетелдік әріптестерімізден үйренеріміз көп. Осы себепті бұл салаға мемлекеттің қаржы ресурстарын тарту өте маңызды. 

Бизнес ортаны түбегейлі жақсар­­туда, кеңейтуде отандық тауарлар мен өнімдердің орны бөлек екені ешқандай талас тудырмаса керек. Бүгінде шағын және орта кәсіпорындардың еліміздің ішкі жалпы өніміндегі үлесі 26-30 пайыз ғана. 2050 жылға қарай бұл көр­сеткішті кемі 50 пайызға жет­кізу міндеті тұр. Олай болса, өңдеу өнер­кәсібі мен шикізаттық емес экс­портты қолдауға алдағы үш жылда қосымша 500 миллиард бөліне­тінін ескерсек, бұл қуатты елдің тірегі саналатын кәсіпкерлік субъек­тілерін өркендетудің, игі істерге ынта­ландырудың, инвестициялық ­ахуал қалыптастырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың, ауылдықтарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз етудің бірден-бір көзі деп ұққан абзал. 

Мен осы салаға көптен бері атсалысып келемін. Бір аңғарғаным, базарларда, дүкен сөрелерінде шетелдің өнімдері самсап тұр. Көздің жауын алады. Дені көрші Ресейден жеткізіледі. Қолжетімді көрінгенімен, оның сапасы­ның төмендігіне, ал жергілікті азық-түлік тағамдарының экологиялық таза­лығына жұртшылық мән бере бер­мейді. Кәсібін енді бастаған жандар қаржылық жағынан шамасы кел­ме­ген­діктен, бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін. Билік орын­дары тара­­пынан бюрократтық кедер­гілер де аз емес. Елбасының Жол­д­ауы кәсіп­керліктің инновациялық белсен­­­ді­лігін нығайтудың қаншалықты маңыз­ды екенін, ел экономикасын тұрақ­тан­дырудағы өзіндік орнын анық ұқтырды. 

 Сермұханбет АХМУДДИНОВ,

«Ахмуддинов» жеке кәсіпкерлігінің директоры

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы

Жаңа әлеуметтік-экономикалық саясаттың моделі 

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы Жолдауының ерекше болғанын жұрт бірден байқады деп ойлаймын. Әлемде қалыптасқан экономикалық ахуалға қарамастан, қазақстан­дықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттырудың нақты жолдарын айқындап бергені біздің мемлекетімізде адами ка­питалға баса назар аударылатынын көрсетеді. Өйткені бұл әлеуметтік экономиканы дамытуға бағытталып отыр. Соның ішінде негізгі мәселе­лердің бірі – шағын бизнесті, сонымен қатар денсаулық, білім саласын әрі қарай ілгерілетуге көңіл бөлінді. Бұл саланың бәрі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда қозғаушы күшке ие. 

Мемлекет басшысы білім бе­рудің, денсаулық сақтау сала­сы­ның, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі жайлы және қа­уіпсіз жағдайда өмір сүру мә­се­лелері әрбір қазақстан­дық от­басына қатысты екенін атап көр­сеткені бекер емес. Әсі­­ресе мектепке дейінгі және орта білім беру сапасы, жоға­ры­ білімнің қолжетімді болуы қа­зақ­стандықтар үшін аса ма­ңызды. 

Жалпы, Президент айт­­қандай, Үкімет әлеуметтік сек­торға, қа­уіпсіздік пен инфра­құ­рылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басым­дықтарын қайта қарауы керек. Елбасының 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау сала­ларына барлық көздерден жұм­салатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жет­кі­зуді тапсыруында үлкен мән жатыр. 

Бұл құжатты мен Қазақстан­ның жаңа әлеуметтік-экономи­калық саясатының моделі деп санаймын. Елбасы көптеген мәселелерді көтерді. Атап ай­тар болсақ, берілген тапсыр­ма­лардың бәрінің жобаларын жыл соңына дейін жасап, тиісті бағ­дарламаны ұсынып, келер жылдың басынан оны орын­дауға кірісуді тапсырды. Ха­лық­тың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаларды кім жүзеге асырады? Әрине сіз бен біз. Бізді келесі жылы маңызды шаруалар күтіп тұр. Оны іске асыру жолында барша қазақстандық жұдырықтай жұмылатынына сенемін. Сонда ғана біз Жолдаудың нәтижесін көретін боламыз. 

Жолдауда Ұлттық банктің жұмысына үлкен мән берілді. Президент несиелеудің оңтайлы жолдарын табуды тапсырды. Рас, кей кездерде шалғай ауыл­дағы өз ісін ашуға ниеттенген тұр­­ғындар оның жолын білме­­ген­­дік­тен, кедергіге кезігіп жа­та­ды­. Құжаттарын реттей алма­­ған­дық­тан, несие ала алмай жүр­­ген кә­сіп­керлер де бар. Со­лар­­­ға қол­дау білдірсе, өз жұмыс­та­­рын жан­дандырып, ел эконо­ми­ка­сына өз үлесін қоса­тын болады. Кәсіпкерлер де өз кезе­гінде алған несиелерін тиімді пайда­ланып, сапаға көп көңіл бөлулері керек.

Мемлекет басшысы атап көрсет­кендей, халықтың әлеу­меттік көңіл-күйіне әсер ететін аса маңызды компоненттің бірі – медициналық қызмет сапа­сы. Сол үшін ең алдымен, әсі­ресе ауылдық жерлерде алғаш­қы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қам­тамасыз ету қажет. Денсау­лық саласына қатысты қатерлі ауру­ларға көп көңіл бөлінсе дей­міз. Орталықтағы емдеу ме­ке­мелері жаңа деңгейдегі, жаңа үлгідегі аппараттар алуы керек. Сонда ғана халықтың орташа өмір сүру көрсеткіші өседі. Ел­дің амандығынан артық не бар?!

Сембек СЕЙДӘЗІМОВ, 

«Кирпичник» ЖШС директоры

ТАРАЗ 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу