Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев Елбасының шағын несие беруді кеңейту, салық амнистиясын жүргізу, халық табысының өсуі, әкімшілік кедергілерді қысқарту, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау, тариф қалыптастыру айқындығын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру, бизнес жүргізудің өзекті мәселелерін және алдағы перспективаларды талқылау мақсатында өңірдің кәсіпкерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Егемен Қазақстан
14.11.2018 1903
2

Кездесудің мақсаты — өңірдегі жағдай туралы халық аузынан естіп-білу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын талқылау және оларды одан әрі іске асырудың бірлескен жоспарларын белгілеу. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп, бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы бизнеске қолдау көрсетудің тиімді құралы екенін айтып, оған жыл сайын қосымша 30 млрд тг бөлумен 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Үкімет бүгінде Президент алға қойған міндеттерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, Индустриялық-инновациялық дамудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. 2019–2021 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібін және шикізаттық емес экспортты қолдау үшін қосымша 500 млрд тг және индустриялық жобаларды несиелендіруге кемінде 600 млрд тг бөлінеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында шағын және орта бизнес үшін есептелген өсімақы мен айыппұлдар бойынша «салықтық амнистия» жүргізіледі, сондай-ақ, салықтық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялау, кәсіпкерлік қызметтің жағдайларын жақсарту, жүйе құрушы кәсіпорындарды цифрландыру және т.б. бойынша жұмыстар бір уақытта жүргізіледі.

Президент Жолдауында 01.01.2019 ж. бастап шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге көшу тапсырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 89 мыңнан астам ШОБ субъектісінің 331,8 млрд теңге көлеміндегі қарызы бар. Өсімпұл сомасы 121,2 млрд теңге, айыппұлдар — 6,9 млрд теңге. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында негізгі қарызды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізетін болады. 

Премьер-Министр кәсіпкерлердің назарын қарапайым заттар экономикасына, өңірдегі әлеуметтік экономика мәселелеріне аударды. Б. Сағынтаев Жамбыл облысы үшін маңызды болатын жобаларды тауып, оларды дамыту қажеттігін айтты. Бұл мәселе облыс деңгейінде шешілуі тиіс. 

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев өз кезегінде өңірдегі ШОБ-тың дамуы туралы баяндады. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Жамбыл облысында биыл 2000 адам оқытудан өткен. Оқытуды аяқтағандардың 98% өз бизнес-жобаларын қорғаған. Э. Жұмағазиевтің айтуынша, бұл бағдарлама халықтың табысын арттыруда жақсы серпін бола алады. 

Кездесу барысында сонымен қатар өңірдегі кәсіпкерлер сөз сөйлеп, Президент Жолдауында айтылған бастамалардың маңыздылығын атап өтті, оған қолдау білдірді. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М. Ескендіров Президент Жолдауын қолдау аясында кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақылары 13,5%-ға көтерілгенін хабарлады. 

«Біз 01.01.2019 ж. бастап барлық қызметкерлеріміздің жалақысын тағы 10%-ға көтеру туралы бұйрық шығардық, осылайша, орташа жалақы 140 мың теңге болады.Сонымен қатар біз талдау жүргізіп, төмен жалақы алатындарды анықтадық, олар: 55мың теңге көлемінде жалақы алатын 36 адам, яғни, жуып-жинаушылар, қоймашылар және т.б. 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 20%-ға көтеретін боламыз», — деді М. Ескендіров.

Ол сонымен қатар өңірдегі бизнес қауымы тариф түзу саласындағы жаңалықтарды мұқият қадағалап отырғанын, әсіресе, электр энергиясына тарифтің төмендеуін асыға күтетінін атап өтті. 

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры М. Шәкербек облыстағы өнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің 17%-дан астамын құрайтынын атап өтті. Президент Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Осыған байланысты, өңірде өңдеу өнеркәсібінің барлық нысандарында скрининг жүргізілді – жұмыс істеп тұрған 596 өндірістік кәсіпорын қамтылды. Талдау нәтижесі бойынша өндірістік кәсіпорындарды қолдаудың Жол картасы әзірленді. Бұл карта аясында облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық әкімдердің тарапынан қаржылай емес қолдау көрсету көзделген. 

«Жалпы, кәсіпорындардың кірісін 20%-ға арттыру, еңбек өнімділігін бір жарым есеге өсіру, өндіріс өнімділігін екі есеге көтеру, жабдықтарды жаңарту және жаңғырту тәрізді шаралар жоспарланған. Болжам бойынша, өңдеу секторындағы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2020 жылғы қарай 50 млрд теңгеге артып, 305 млрд теңгені құрайтын болады. Жалпы өңірлік өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6%-ға көтеріліп, 205,2 млрд теңгені құрайды деп күтіліп отыр, облыс бюджетіне салық түсімдері 1,1 млрд теңгеге артады, жиынтық көлемі 3,2 млрд теңгеге жетеді, 800 жаңа жұмыс орны ашылады», — деді М. Шәкербек.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі Е. Саурықов бизнестің салық амнистиясы мәселелерін көтерді. Оның айтуынша, бұл шараның шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік берері сөзсіз және осылайша еліміздің экономикасын және әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуға ықпал етеді.

Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А. Ақшалова өз сөзінде әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерін ретке келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыс мәселелерін қозғады. Мәселен, коммуналдық қызметтер тарифтерінің қатаңдауы, шығындардың босатылуы, кәсіпкерлердің пікірінше, қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қаражаттарды қайта бағыттауға мүмкіндік береді, ал бұл білікті және адал қызметкерлердің тартылуын арттырады.

«Goodmaker» ЖШС директоры Ә. Қайназарова экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жыл басынан бері облыста 753 шаруа қожалығы субсидия алуға өтінім берді, оның ішінде 373-і 1,6 млрд тг сомасына субсидия алды, осы айда жергілікті бюджеттен қосымша 511 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімділігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді.

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директоры Н. Рабатов «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту шешіміне, сондай-ақ, тариф қалыптастыру тұрғысынан табиғи монополиялар саласындағы реформаларға түсініктеме беріп өтті. Бұған қоса, Н. Рабатов зауыт қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру шараларына тоқталып өтті.

«Бізде кәсіпорында бес адам 60 мың теңгеден алады. Осы жылдың қараша айында біз олардың жалақысын көтердік. 336 адам 80 мың теңгеге жуық еңбекақы алады. Келесі жылы олардың жалақысын 10%-ға өсіруді көздеп отырмыз. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ», — деп зауыттың бас директоры, өңірдің кәсіпкерлер қауымы Елбасының Бизнестің жол картасын тағы 5 жылға ұзарту туралы шешімін толықтай қолдайтынын жеткізді.

Жамбыл облысының ШОБ дамуымен танысу «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асырылған «Сәуле кондитерлік фабрикасы» ЖШС азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорнын аралау барысында жалғасын тапты. Мұнда Премьер-Министр технологиялық үдеріспен және шығарылатын өнім түрлерімен танысты.

Кәсіпорын директоры С. Жанабекованың айтуынша, осы жылдың жеті айында 16,2 млн теңгеге 30 тонна өнім шығарылды. Қазіргі таңда фабриканың екінші кезеңінің құрылысы жүргізіліп жатыр: биылғы желтоқсанда цехты реконструкциялау жұмыстары аяқталады, 2019 жылы жаңа корпус құрылысы мен жаңа өндірістік желілерді сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтарды іске қосу кәсіпорын қуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнімдерді экспортқа шығаруға жол ашады. Сонымен қатар қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т. Жанке жаңа өсім моделін құру, облыс экономикасын әртараптандыру, соның ішінде қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Осы жылдың 10 айында 26,9 млрд теңгеге төрт ірі инвестициялық жоба іске асырылды, жыл соңына дейін 13,8 млрд теңгеге тағы 4 жоба іске қосылады. Келер жылы 62,3 млрд теңгеге 13 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Аталған жобалар облыс үшін дәстүрлі саналатын өнеркәсіп, АӨК және отын-энергетика кешені секілді салаларды күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, олар индустрияландыру бағдарламасына кіреді. Әкімдік деректеріне сәйкес, жалпы инвестициялар көлемі 673,6 млрд тг болатын 10 жоба ЖӨӨ жыл сайынғы өсімін 3-4% орнына, өткен жылға қарағанда 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Президент Жолдауын орындау аясында облыстың барлық аудандарына талдау жасалған (373 елді мекен) және ШОБ 228 нысанына құрылыс жұмыстарын жүргізудің қажеттігі анықталды. Бұл — наубайханалар, тігін цехтары, жүн дайындау пунктері, сауда, тамақтану және т.б. қызметтер нысандары. Аталған бастамалар Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сондай-ақ, «Береке» және «Ауылда шағын несие беру» өңірлік бағдарламалары аясында іске асырылады. Нәтижесінде ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 1-2% ұлғаяды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Мал бағасының қымбаттауы кімге тиімді?

10.12.2018

Ұлы даланың мұрагері болу – үлкен жауапкершілік

10.12.2018

Бағы кем бессайыс

10.12.2018

«Сергек» сенімді серікке айналса

10.12.2018

Франция: Даудың басы неден басталды?

10.12.2018

Мүмкіндігі шектеулілердің мүмкіндігін кеңейткен

10.12.2018

Ел Елордасымен еңселі

09.12.2018

Алпамыс Шәрімов: Қайырымдылық жасау үшін бай болу қажет емес

09.12.2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

09.12.2018

Қостанай облыстық қазақ драма театры Шәмші туралы спектакль қойды

09.12.2018

Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

09.12.2018

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

09.12.2018

Ұлытау ауданында спорт нысандары салынады

09.12.2018

Үздік шаруашылыққа жаңа трактор тарту етілді

09.12.2018

Aktobe Invest-2018 форумында 300 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды

08.12.2018

Семейдегі колледж ұжымы бойжеткенге пәтер алып берді

08.12.2018

Тарбағатай ауданының әкімі семейлік жастармен кездесті

08.12.2018

ШҚО Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

08.12.2018

Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...

08.12.2018

Астанада Өспен ауылының азаматтары бас қосты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ejelden metal ılegen el

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń jýyrda jaryq kórgen «Uly dalanyń jeti qyry» atty maqalasy búginde 30-dan astam ult pen ulystan turatyn, jalpy sany 200 mıllıonǵa jýyqtaıtyn, ońtústik-batysta Jerorta teńizi jaǵalaýynan bastap, soltústik-shyǵysta Soltústik Muzdy muhıtqa deıingi Eýrazıa qurlyǵynyń apaıtós alyp dalasynda 6 táýelsiz memleket, onyń ishinde Reseı Federasıasynda 20-dan astam túrki tildes halyqtardyń túrli sýbektilerimen, keı jerde avtonomıalyq, keı jerde esh sýbektisi bolmasa da iri oblys quramynda ómir súrip jatqan túrki halyqtarynyń ortaq kóne tarıhyn qamtıtynymen erekshe deýge bolady. Iаǵnı osynaý baıtaq keńistikte bul halyqtar bir kezderi bir memleket quramynda ómir súrip, álemdik órkenıetke ózderiniń laıyqty úlesin qosty.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу