Шығыс Қазақстанда мал бордақылау алаңдарының саны артуда

Елбасының отбасылық мал бордақылау алаңдарының санын арттыру жөніндегі тапсырмасы Шығыс Қазақстанда жүйелі түрде орындалып жатыр деуге болады. Бүгінде өңірдің бір ғана Тарбағатай ауданында мыңға жуық отбасы өз үйінің ауласында мал бордақылаумен шұғылданып отыр. 

Егемен Қазақстан
20.11.2018 16835
2

Төрт мың басқа арналған қоражай салды

Ежелден мал шаруашылығы өркен жайған Барқытбел баурайындағы Тарба­ға­тай ауданында мал бор­да­қылауды кәсіп еткен тұрғындар мен шаруа қожалықтарының саны жылдан жылға көбейіп келеді. Сәтпаев ауылындағы «Ықыбай» шаруа қо­жалығы жақында 4 мың басқа ар­налған бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Алаңның құрылысы биыл мамыр айының аяғында бас­талыпты. Бұған дейін осы жерде 500 бас ірі қараны семірткен шаруақожалық қыстамаға 8 мың орам шөп әзірлеп, 160 гектарға жүгері егіпті. Сүр­лемді сақтау үшін жан-жағы қоршал­ған, ұзындығы 120, биіктігі 3, ені 6 метр­лік екі шұңқыр қазыпты. Біз бар­ғанда жігіттер шұңқырға тасталған жүгеріге күрекпен тұз лақтырып жатты. «Салат дайындап жатырмыз» деп қалжыңдады олардың бірі. 

«Ықыбай» шаруа қожалығы бор­да­қылау алаңын салу үшін былтыр мемлекеттен 300 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Қожа­лықтың іс басқарушысы Мерғали Рахымбаев жаңадан салынып жатқан бордақылау алаңының жалпы көлемі 6 гектар екендігін, 360 басқа арналған екі қоражай мен 6 ашық бордақылау алаңы тұрғызылғанын айтты. Ашық бордақылау алаңдарында ірі қараны қақаған қыста да семіртуге болады екен. Мұны «канадалық суық әдіс» деп атайды. Бордақыдағы мал алаңның ішінде бос жүреді. Оларға жем-шөп тракторлардың көмегімен салынады.

«Бордақылау алаңы қарашаның соңына қарай жұмысын бастайды. Мұнда тек бұқаларды ғана жемдейміз. 700 бұзау өзімізде бар. Қалғанын осы ауылдан, ауданның басқа елді мекендерінен сатып аламыз. Ірі қараны бес ай бордақылаймыз. Бес айда әжептәуір салмақ қосады. 100 мыңға алсаң, 160-170 мың теңге болады. Қазір мұнда 22 адам жұмыс істеп жүр, бордақылау алаңы іске қосылғаннан кейін жұмысшылар саны 40-қа жетеді деп отырмыз», дейді Мерғали Рахымбаев.

Сәтбаев ауылдық округы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Ерзатовтың айтуынша, 1100 тұрғыны бар елді мекенде 5 мың ірі қара, 2790 жылқы, 7980 қой-ешкі бар. Ал ауылда 484 басқа арналған (20 орындықтан 50-ге дейін) 28 бордақылау алаңы жұмыс істейді екен. «Бұрын ауылымызда мал бордақылайтын тұрғындар саны аз болатын. Соңғы 5 жылда ірі қараны жемдеушілер қатары көбейді. «Ықыбай» шаруа қожалығы салып жатқан 4 мың орындық алаң Тарбағатай ауданындағы ең алғашқы үлкен бордақылау алаңы болуы керек. Мұндай бордақылау алаңдары облысымызда да көп емес. Енді олар аудандағы шағын шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отырып, семіртілген малдарын қабылдайды. Тұрғындар малдарын өткізгені үшін мемлекеттен субсидия алады», дейді А.Ерзатов.

Отбасылық бордақылау алаңдары аудан орталығы Ақсуат ауылында да көбейіп келеді. Ақсуаттың тұрғыны Қуат Аринов 2016 жылы 60 басқа арналғанын ашыпты. Былтыр оны 80 орынға кеңейтсе, биыл 100 бас ірі-қараны жемдеуді жос­парлап отыр. «Өзім қазан айынан сәуірге дейін бордақыға қоямын. Екі жұмысшы ұстаймын. Бордақыға жұрттан сатып алып та, өзіміздің малдың бұзау, тайыншасын да қоямыз. Қыс бойы жемделген малды көктемде сатамыз. Көктемде жемдеп сатсаң малың етті, салмақты, бағасы да жақсы болады. Жемделген мал күніне 1 келіден салмақ қосады. Қазір ауылымызда отбасылық бордақылау алаңдары көбейді. Қарапайым халық жемдеп сатудың пайдасын түсінген секілді», деген Қуат Аринов осыдан екі жыл бұрын «Құлан» бағдарламасы арқылы жылқы алғанын, енді лизингке техника алуды жоспарлап отырғанын, соған құжаттарын жинап қойғанын жеткізді. 

Баланы да еңбекке баулыңыз

Мал шаруашылығына машық­тан­ған Тарбағатай ауданының шаруалары биыл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 миллиард 500 миллион теңге несие алыпты. Енді осы қаржыға Ресейден 6 мың бас мал сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір ауданда Сәтпаев ауылынан бөлек Құмкөл елді мекенінде 2 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынып жатыр екен. Жақында Екпін ауылында 3 мың орындық тағы біреуі салынбақ. «Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз Үкіметке отбасылық бордақылау алаңдарын көбейтуді тапсырған болатын. Бес жыл бұрын осында әкім болып келгенімде ауданда бірде-біреуі жоқтығына таңғалған едім. Тек үлкен кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында ғана болатын. Қарапайым тұрғындар жайлаудан түскен соң малын 80 мыңнан сата беретін. Мен осыны түсінбей: «Нағыз пайда табатын кезде неге ақ адал малдарыңызды арзанға бересіздер? Қораға жемге қойыңыз. Қазан, қараша, желтоқсан, үш ай үйде не істейсіз? Бордақылаңыз. 100 мыңдық малыңыз 200 мың болады. Жарайды, 20 мыңды жемі мен шөбі деп шығарып тастаңыз, 80 мың теңге пайда көресіз. Керек болса, қаңтар, ақпан, наурыз айларында қайта қойыңыз» деген едім аудан тұрғындарына. Бұл менің ашқан жаңалығым емес. Оңтүстіктегі тәжірибені айттым. Қазір Құдайға шүкір, ауданда мыңға жуық үйде отбасылық бордақылау алаңдары бар. Оның тағы бір пайдасы, баланы еңбекке баулуға болады. Мәселен, сіз үйіңізде 10 мал жемдесеңіз, балаңызға «біреуі сенікі» деңіз. Жемін, шөбін салады, қарайды. Әрі кетсе 10 минут. 8 сағат жүр­мейді ғой 10 малдың басында. Бір жағы сергиді, бір жағы еңбек етеді. Ұялы теле­фонға шұқшиып, телефонға тел­мір­геннен гөрі қолына аша ұстағаны жақсы емес пе?!», – дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу