Президент • 26 Қараша, 2018

Білікті маман дайындау – басты назарда

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Білікті маман дайындау – басты назарда

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа КИМЭП университетінің қазіргі жұмысы және осы оқу орнын дамыту жоспарының іске асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті қазіргі заман экономикасының талаптарына сай білікті мамандар дайындау ісіндегі университет жұмысының тиімділігін атап өтті.

– Университет 1992 жылы құ­рыл­ған. Осы жылдар ішінде 12 мың­ға жуық студент оқуын бітіріп шық­ты. Бүгінде мұнда әлемнің әртүр­лі ел­­дерінен келген оқытушы-профес­сор­­лар құрамы еңбек етеді. 29 білім бағ­дар­ламасы бойынша 2109 студент ақы­лы негізде оқып жатыр, – деді Ел­­басы.

Ч.Бэнг университет түлектерінің  93 па­йызы оқу бітірген соң 6 айдың ішін­­де жұмысқа орналасатынын айт­ты.

Сонымен қатар «КИМЭП уни­вер­ситеті» акционерлік қоғамының пре­­зиденті биыл оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойын­ша ғылым және білім саласын да­мы­ту ісінде үздік деп танылғанын атап өтті.