Үкімет отырысында тарифтерді төмендету мәселесі талқыланды

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
26.11.2018 22175
2

Министр атап өткендей, ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне, жарыққа, көмірге, жылумен, сумен, газбен жабдықтауға, кәріз жүйесіне, телефон байланысына, интернетке, лифттерге қызмет көрсетуге, қоқыс шығаруға тарифтерді төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі бірқатар шараларды қабылдады.

«Бүгінгі күні жылумен, сумен және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы 32 монополист бойынша тарифтерді 20,3 млрд теңгеге, оның ішінде соңғы екі аптада 6 субъекті бойынша 1,9 млрд теңгеге төмендету туралы шешім қабылданды. Монополисттердің негізсіз алған кірістерін анықтау және оларды тұтынушыларға қайтару мақсатында 33 жоспардан тыс тексеру ашылды. 24 жоспардан тыс тексеру ашылу алдында», — деді Т. Сүлейменов.

Жылумен жабдықтау

Алматы облысы: «Жылу желілері» ЖШС 320 миллионға 5 619,46-дан 5 604,85 теңге/Гкал-ға (-0,26%) төмендеді;

Сумен жабдықтау/сұ бұру

Алматы облысы: «Қапшағай Су Арнасы» МКК, 93 миллионға, оның ішінде сумен жабдықтау 87,92-ден 75,34 теңге/м3 (-14,31%), су бұру 108,53-тен 73,99 теңге/м3 (-31,83%) төмендеді;

Электрмен жабдықтау

Ақтөбе облысы: «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, 314 миллионға 14,39-дан 14,16 теңге/кВтс (-1,6%) төмендеді;

Қызылорда облысы: «Энергосервис» ЖШС, 200 миллионға 18,16-дан 17,9 теңге/кВтс (-3,67%) төмендеді;

Алматы облысы: «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, 158 миллионға 18,16-дан 17,9 теңге/кВтс (-1,43) төмендеді;

Солтүстік Қазақстан облысы: «Солтүстік энергоорталық» ЖШС, 9,8 миллионға 17,9-дан 16,78 теңге/кВтс (-6,6%) төмендеді.

Министрлік сонымен қатар, электр энергиясына және газға арналған көтерме бағаларды төмендету жұмысын жүргізуде, бұл соңғы тұтынушылар үшін бөлшек бағаларды төмендетуге мүмкіндік береді. ҰЭМ облыстардың және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктерімен жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау, қоқысты шығару, пәтер иелерінің кооперативі, лифт қызметтеріне, сондай-ақ автобус, троллейбус және трамвай тасымалдары қызметтеріне бағаларды төмендету бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы мәселені пықыстап жатыр.

Т. Сүлейменов атап өткендей, Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараты бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап келесі қызметтердің бағалары төмендетілетін болады:

пәтер иелерінің кооперативі қызметтеріне 6,7% (15 теңгеден 14,1 теңгеге);

қоқыс шығару қызметтеріне 5% (99 теңгеден 94,4 теңгеге);

лифт қызметтеріне 7% (770 теңгеден 715 теңгеге).

Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс ұйымдастыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында халықпен тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде 1312 адам қатысқан 48 қоғамдық қабылдау өткізілді. Т. Сүлейменов өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатыса алмайтын тұтынушылар үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істейтінін хабарлады. Жедел желі телефоны 8-8000-8000-12, Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.

Орта мерзімдік шараларға қатысты, тариф белгілеудің ашықтығын және монополисттердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерді орындауын күшейту үшін заңнамаға түзетулердің екі топтамасы әзірленді.

Монополистерге тексерулер жүргізу тетіктерін нығайтатын және Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуді талап ететін түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауындағы бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасында алдын ала қарастырылатын болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу