Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2018

Астанада Дінтану сарапшыларының дәстүрлі семинары өтті

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда дінтану сараптамасын жүргізудің өзекті мәселелері» атты дәстүрлі оқыту семинары өтті.

Астанада Дінтану сарапшыларының дәстүрлі семинары өтті

Шараға Әділет министрлігі Сот са­­раптамасы орталығы, БҒМ ҒК «Мем­ле­кет тарихы» мемлекеттік мекемесі, Ал­маты қаласы бойынша сот сарап­та­масы институты, Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық уни­вер­ситеті, «Кә­сі­би психологиялық лига» қоғамдық бір­лестігі, «Сараптамалық зерт­­­теу орта­лы­ғы» жеке мекемесінің білік­ті мамандары мен белгілі дінтанушы сарап­­шылар, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар қатысты. 

Дінтану сараптамасымен айналысатын мемлекеттік органдар қыз­мет­кер­ле­ріне арнап ұйымдастырылған семинар аталған қызметтегі мамандардың кә­сі­би біліктілігін арттыру, діни маз­мұн­дағы материалдарға сараптама жүр­гі­зудің өзекті мәселелері мен тиімді әдіс-тәсілдерін талқылау, салалық ма­ман­дар­дың өзара тәжірибе алмасу алаңын қа­лып­тастыруды көздейді. 

Семинарды ашқан орта­лық директоры Айнұр Әбдірәсілқызы аталған мекеменің атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасады. Оның пікірінше, 2011 жылдан бастап сараптама жүргізуді қолға алған орталықта бүгінге дейін 8528 нысан сараптамадан өткізілген, оның 958-іне теріс қорытынды берілген. 

Өз ке­зе­­гінде Қо­­ғамдық ке­­лісім коми­­­теті Тө­ра­ғасының орын­­басары Б.Мырзаев елі­­міздегі дінтану сараптамасын жүргізудің кезеңдік нәтижелеріне тоқ­­та­­лып, бұл тақырыптың мемлекет қа­уіп­­сіздігі үшін маңызы зор екенін атап өтті.  Ком­­итеттегі осы бағытта жүзеге асы­­­рылып жатқан жұмыстардың бірі ретінде әл­­еуметтік желілердегі, атап айтқанда, 2016 жылы 10700, былтыр 10174, би­­ыл 3790 нысанға сараптама жа­сал­ғанын айтты. 

Ал экстремистік және дәстүрлі емес ма­тер­иал­дарға дінтану сарапта­ма­сын жүргізудің маз­мұндық мәселелері туралы та­қырыпты тарқатқан А.Әбдірәсіл­қызы­ның мәліметі бойынша, 2013-2018 жылдар арал­ығында сараптамадан өткізілген дәстүрлі емес діни ағымдағы нысандар саны 236-ға жеткен, оның ішінде 111 дана кітап, 27 СD диск, 13 дәптер, 11 видео, 8 сайт және басқа да әлеуметтік желі парақшалары, скриншоттар мен түрлі заттар бар. Сараптама жасау кезінде Ата заң, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Бұ­­қаралық ақпарат құралдары туралы» заңдар басшылыққа алынатынын, сондай-ақ ұлттың тарихи-мәдени мұра­сынан айырылу қаупі – ұлттық қауі­п­сіздікке нұқсан келтіретін жағдай­лар­дың бірі екенін сөз етті. 

Семинар барысында аталған ор­та­лық­тағы Дінтану сараптамасы база­сына, теріс қорытынды берілген материалдарға қатысты баяндамалар жасалды.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»