Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Степногорда көп функциялы спорт алаңы ашылды

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облысы Степногор қаласындағы 4-шағын ауданынан көп функциялы спорт алаңы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Степногор қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов қатысты.

Степногорда көп функциялы спорт алаңы ашылды

Шымырлыққа баулитын алаңның ашылуы «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша «Мамұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы көмегімен жүзеге асып отыр.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру елімізді, соның ішінде біздің қалада да кең өркен жаюда.

Алаңның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала басшысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алға қойып отырған жоспарларын жүзеге асырудың маңызына тоқталып өтті. Біздің қалада бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатары артып, ол 33,5 пайызға жетіп отыр. 10 мыңнан астам жастар мен жасөспірімдер спортпен достаса түсуде.

Алаңда футбол, хоккей, түрлі жаттығулар сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер жаратылған.  №4 ГМ аумағында орналасқан алаңда жылдың төрт маусымында да шымырлыққа баулу қолға алынады. 1280 шаршы метр аумақты алып жатқан алаң өте ыңғайлы.

Ән қалықтап, шашу шашылды. Балалар мен спортшылар спорт алаңында жаттыға бастады. Мұның өзі салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз. Жиналған жұртты «Самұрық-қазына» АҚ өкілі Әмірхан Қайназаров та құттықтады.

Полатбек ЖАНБАЕВ,

Ақмола облысының Степногорск қаласы