24 Қаңтар, 2019

Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасы Токиода жаттығып жүр

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы Жапония астанасы Токиода оқу-жаттығу жиынын бастап кетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасы Токиода жаттығып жүр

Жаттығу жиыны 1 ақпанға дейін созылады.

Токиоға аттанған спортшылар арасында Олимпиада жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах, Абиба Абужақынова, Әйгерім Әбілқадірова, Севара Нишанбаева, Анна Казюлина, Ақниет Тұрдан, Аэлита Щербекова, Мөлдір Нарынова, Зарина Райфова, Назерке Тлеуханова, Меруерт Сәрсеновалар бар. 

Еске сала кетейік, дзюдодан Қазақстанның ерлері құрамасы Жапониядағы Токай университетіндегі халықаралық жаттығу лагеріне қатысып жатыр.