Шекарада қаза тапқан мигранттар

Техас штатындағы Брукс ауданының орталығы Фалфурриастан таяу маңдағы шекараға дейін көлікпен бір жарым сағат уақыт кетеді. 

Егемен Қазақстан
27.01.2019 8027
2 Антропология факультетінің студенттері Техастағы қоғамдық мазаратта мигранттардың белгіленбеген қабірін табу үшін ор қазып жатыр. Меридит КОХУТ, «Нью-Йорк Таймс»

Азам АХМЕД, Меридит КОХУТ,

«Нью-Йорк Таймс» – Фалфурриас (Техас, АҚШ)

Автомагистраль басталған Техас штаты бұталы алқапқа жалғасып, аласа ағаштар әр жерге ұйысып, тікенді талдар құмды жазыққа дейін жалғасып жатыр. Мескиттер, колеогин, акация секілді бұталы өсімдіктер көкжиектен ұйысып көрінеді.

Шекара 125 километр қашықта жатыр. Кейінгі 15 жылда Брукс ауданы арқылы шекарадан өтуге талпынған 700-ден астам адам қайтыс болды. Олар осынау атыраптан жол таба алмай, ыстықтан, шөлден қаза тапқан. Осында бақиға аттанғандар саны одан да көп екені анық. Аудан шерифі Бэнни Мартинестің ойынша, әр 5 адамның мүрдесі ғана табылады.

Жылдар бойы мәйіттер Фалфурриастағы аудандық мазаратқа апарылып, апыл-ғұпыл, шала қазылған қабірлерге жерленіп келген.

Мұнда жер қойнына тапсырылғандардың нақты санын ешкім айта алмайды, өйткені аудан әкімшілігі 2013 жылға дейін тіркеу жүргізбеген-ді.

Оңтүстік Техас адам құқықтары орталығының өкілі Эдди Канальес мәйіттерді қайта қазып, олардың кімге тиесілі екенін анықтауға талпынады.

Антропологтар 2013 жылдан бері студенттермен бірге келіп, мүрделерді қазып, ДНК үлгілерін жинап келеді. Олар жергілікті көр қазушылардың нұсқаған жерінде кішкене ор қазады. Содан кейін ДНК үлгісі жиналып, жоғалған адамдар туралы ақпарат тіркелген қордағы мәліметпен салыстырып көреді.

Кейінгі 15 жылда Брукс ауданы арқылы шекарадан өтуге талпынған 700-ден астам адам қайтыс болды. Меридит КОХУТ,  «Нью-Йорк Таймс»

Осы мазаратта қазылған 150-ден астам мәйіттің 30-ы кімге тиесілі екені анықталды. «Бұл жақынын жоғалтқандар үшін керек» дейді Техас мемлекеттік университетінің сараптамалық антропологы Кэйт Спредли.

Оның айтуынша, мәйіттер бастан өткен оқиғасын айтып береді. Мәселен, бір адам ұрылардан із жасыру үшін қалтасына ақшаның көшірмесін салып алған екен. Басқалары бірге әкеле жатқан жануармен бірге жерленген. Енді бірінде киім болса, қалғандарының қаңқасы ғана қалған. Яғни, мәйітті тапқанға дейін көп уақыт өткен.

2013 жылға дейін мұндағы мәселеге бас ауыртқандар аз еді. Сол кезде 130 мәйіт табылған-ды. Ауданда бір жылда мұншалықты мүрде кездеспеген-тұғын. Әлбетте, бұл - бір жылда ғана қайтыс болғандар саны емес.

АҚШ билігінде қызу талқыға түскен шекара қауіпсіздігі жөніндегі пікірталас осы арады мекендейтіндерді мазаламайды. «Мұнда ешқандай дағдарыс немесе төтенше жағдай болып тұрған жоқ» дейді Филип Гомес.

Доктор Спрадли қолынан келген көмегін көрсеткісі келеді. «Отбасымның бір мүшесі шетелге барып, ешқашан қайта оралмаса не болар еді? Осыны көп ойлаймын. Біреу телефонды көтеріп, көмектесе ме? Тұтқаны алған күннің өзінде көмектесуге ынта таныта ма?» дейді ол.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу