Парламент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының отырысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция ратификацияланды.

Егемен Қазақстан
31.01.2019 4944
2

Конвенцияға 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өткен бесінші Каспий саммитінің барысында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттері қол қойған болатын. 

Конвенцияның мақсаты Каспий теңізін, оның суын, түбін, қойнауын, табиғи ресурстары мен теңіз үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындау және реттеу болып табылады.

Конвенция Каспий теңізінің ұлттық аумақтарының, юридикциясының және егемендігінің аражігін бөлуге, қойнауын пайдалануға құқықты жүзеге асыруға, транзит пен тасымалдауға, су асты тұрба құбырлары мен байланыс желілерін жүргізуге, табиғи ортасы мен биологиялық ресурстарын қорғауға байланысты мәселелерді реттейді. Қазіргі заманғы қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру, төтенше жағдайларды ескерту және жою, Каспий маңы елдерінің әскери қызметі тұрғысында қауіпсіздік мәселелеріне жеке назар аударылды.

Конвенцияға сәйкес, Каспий теңізінің айдыны түрлі тәртіптегі аймақтарға бөлінеді. Тараптар ені 15 мильден аспайтын көлемде аумақтық суды белгіледі, олардың сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара мәртебесінде болады. Аумақтық суларға он мильдік балық аулау аумағы кіреді, онда әр мемлекеттің кәсіппен айналысуға құқығы бар.

Конвенция депозитарийі болып табылатын Қазақстан Республикасы бесінші ратификациялау грамотасын алған күннен бастап күшіне енеді.

Сенат Төрағасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялаудың ерекше маңызын атап өтті. «Бұл өте маңызды құжат. Сыртқы істер министрлігі 20 жыл бойы келіссөздер өткізді. Ақыры 5 мемлекет оң нәтижеге келді. Сондықтан тарихи оқиға деп күмәнсіз айтуға болады», - деді Қ.Тоқаев.

Каспий конвенциясының ратификациялануына қолдау білдіріп, сөз алған сенатор Михаил Бортник Каспий мәселелерінің шешілуіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты рөлі халықаралық қоғамдастықта мойындалғанын атап өтті.

«Қаралып отырған Конвенция бұдан былайғы ынтымақтастықтың негізі құралатын тұғырнама ретінде басты құжат болып табылады. Қабылданған Конвенцияға жағалық мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын сәйкес келтіру жөніндегі ауқымды жұмыстарды атқаруға тура келеді, қазірдің өзінде Каспийдегі  экономикалық, көлік-логистикалық, экологиялық және ынтымақтастықтың басқа да түрлерін тереңдету және кеңейтуге зор мүмкіндіктер ашылып жатқанын айтуға болады», - деді М.Бортник.

Сенатор су айдынының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру және сақтау қажеттігін атап өтті. М.Бортниктің пікірінше, Каспий маңындағы барлық мемлекеттердің өзара тиімді тығыз қарым-қатынасы экологиялық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

«Мәселен, қазірдің өзінде бекіре аулауға нөлдік квота қолданылып отыр. Сонымен бірге, бұл квотаның орындалуына мониторинг және талдау жасау тетіктерін әзірлеу керек. Конвенцияға, сондай-ақ бұрын қабылданған  құжаттарға сүйене отырып Каспий маңы елдері Каспий экологиясын қалпына келтіру және қорғау саласындағы үйлестірілген әрі жүйелі саясатты жүргізе алады», - деді Маңғыстау облысынан сайланған сенатор.

Палата 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Бұл Хаттама Еуразиялық экномикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2018 жылы 15 наурызда Мәскеу қаласында қол қойған болатын. Хаттаманың мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-бабының 2-тармағына Жоғарғы кеңестің құрамына мүше мемлекеттің басшысы ғана емес, сонымен бірге өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Жоғарғы кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдерді қабылдау өкілеттіктері берілген мүше мемлекеттің үкімет басшысын қосу мүмкіндігін белгілеу бөлігіне өзгеріс енгізу болып табылады. ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу қажеттігі Армения Республикасындағы конституциялық өзгерістерге байланысты болып отыр. Оған сәйкес Армения Президентінің сыртқы саясат саласындағы негізгі өкілеттіктерін Армения  Үкіметі мен Премьер-Министріне беруді көздейтін парламенттік басқару нысанына толығымен көшті.

Сенат басшысы өз сөзінде Парламент пен Үкіметті ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізуге әуес болмауды ескертті. «Әлі шарттың сиясы кепкен жоқ, бізде оған өзгерістер енгізіле бастады. Бұл одан кейінгі өзгерістерге әкеліп соғып, тұтастай интеграцияның мәніне әсер етуі мүмкін. Үкімет, атап айтқанда, ұлттық экономика министрлігі мұндай мәселелерге өте мұқият қарағаны жөн», - деді Қ.Тоқаев.

Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісім ратификацияланды.

Келісімге 2018 жылғы 14 мамырда Сочиде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған болатын.

Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдермен халықаралық шарттарды жасасу, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін реттейді. Келісімде үшінші елдермен келіссөздер жүргізу рәсімі, келіссөз делегациясы басшысының өкілеттіктері мен міндеттемелері, келіссөз ұстанымын қамтитын және үшінші тарапқа берілетін құжаттардың жобаларын мүше мемлекеттермен міндетті келісу реттелген.

Сонымен қатар Келісімде халықаралық шарттар жобаларына экономикалық интеграция шеңберінен шығатын ережелерді енгізуге жол бермеу мақсатында Одақ пен оған мүше мемлекеттер атынан әрекет ететін келіссөздер жүргізетін топтардың қызметін бақылау тетіктері көзделген.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім ратификацияланды.

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Армения Республикасы және Молдова Республикасы арасындағы терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылы 5 желтоқсанда Ашғабат қаласында қол қойылды.

Келісімнің негізгі мақсаты – терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды арнайы техникамен, құралдармен, материалдармен қамтамасыз ету үшін тең және жеңілдікті жағдай жасау болып отыр.

Келісім аясында тараптар арасындағы ынтымақтастық құзыретті органдардың сатып алу және жеткізу туралы сұрау салуды орындау арқылы жүзеге асады. Бұл ретте сұрауды орындау мерзімі 30 күннен аспауы тиіс. Сұрау салған тарап сұраудың толық, уақытында және сапалы түрде орындалуына қажетті барлық шараларды жүзеге асырады.

Отырыс барысында сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді. Георгий Ким жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы; Владимир Волков ғылыми жобаларды мемлекеттік бюджет есебінен грант және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша шешім қабылдау барысында заңнаманың бұзылуы; Мұхтар Жұмағазиев браконьерлікке қарсы іс-қимыл шараларын күшейту; Нұрлан Қылышбаев өзгенің мүлкі мен малын ұрлауға қарсы іс-қимыл; Мұрат Бақтиярұлы ҚХР мұрағаттарынан архив және тарихи құжаттарды зерделеудегі ерекшеліктер; Рысқали Әбдікеров Шахан кентіндегі орталық қазандық құрылысын қаржыландыру; Асқар Бейсенбаев Түркістан облысының Бадам станциясындағы теміржол құрылысын қаржыландыру; Еділ Мамытбеков полиэтилен тектес заттарды қайта өңдеуге арналған Тараздағы зауыт құрылысы жөніндегі инновациялық жобаны іске асыру; Нариман Төреғалиев ЕАЭО аясында автомобиль көліктерін әкелу мәселелері туралы сауал жолдады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу