Аймақтар • 01 Ақпан, 2019

Қостанай қаласының әкімі болып Қайрат Ахметов тағайындалды

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала активіне қаланың жаңа әкімі Қайрат Ахметовті таныстырды. 

Қостанай қаласының әкімі болып Қайрат Ахметов тағайындалды

«Қайрат Ахметов Федоров ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының көркеюіне көп жұмыс жасады. Тәжірибелі әкім облыстағы ең ірі Қостанай ауданының тізгінін ұстады. Енді ол Қостанай қаласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын болады. Қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, жол, инфрақұрылым мәселелерін шешуді тапсырамын», - деді Архимед Мұхамбетов.

Қайрат Ахметов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын агрономдықтан бастап, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы болған. 2002 жылдың қазанынан 2006 жылдың сәуіріне дейін Қостанай облысы Мендіқара ауданының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы маусымда Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2007-2010 жылдары Қарасу ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қазан айында Федоров ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Қостанай ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Айта кету керек, бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Базыл Жақыпов денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмысынан кетті.