Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Аяз салдарынан Астана-Қызылорда бағытындағы пойыз тоқтатылды

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатты аяздың салдарынан Астана-Қызылорда бағытындағы пойыз тоқтатылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аяз салдарынан Астана-Қызылорда бағытындағы пойыз тоқтатылды

«Ауа райының қолайсыздығы (- 35 градус) Астана «Нұрлы жол» - Қызылорда бағытындағы №92 жолаушылар пойызының және кері бағыттағы Қызылорда - Астана бағытындағы «Нұрлы жол» №91 жолаушылар пойызының тоқтауына себеп болды», - делінген хабарламада.

Ақпараттарға сәйкес, №92 жолаушылар пойызы Айса стансасында тоқтап, Қарағанды стансасына қайта оралуда, онда билет құнының 100%-ы қайтарылады.

«Жолаушыларды тиісті стансаға дейін жеткізу үшін №86 Астана - Сарыағаш пойызына 6 қосымша купелік вагон тіркеліп, дайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар Қарағанды стансасында тоқтатылған маршруттың билеттерін қайтару және №86 Астана-Сарыағаш және басқа да пойыздарға билет ресімдеу бойынша жұмыстар күшейтілді.

«Жолаушылардың барлық жағдайы жасалған және олар тегін тамақпен қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада.