06 Ақпан, 2019

Қабанбай батыр даңғылының бөлігі жол жұмыстарына байланысты жабық болады

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізушілерге жолдың жабық бөлігін айналып өтуге кеңес беріледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қабанбай батыр даңғылының бөлігі жол жұмыстарына байланысты жабық болады

«Арнасай көшесі мен әуежай терминалының бұрылысына дейінгі аралықта жатқан Қабанбай батыр даңғылының бөлігі 8 ақпаннан жыл соңына дейін жабық болады. Жол бөлігі «Астана LRT» «Жаңа көліктік жүйесі» жобасын жүзеге асыру аясында №229 көше мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жол айырығының құрылысына байланысты жабық болады», - деп мәлімдеді елордалық Полиция департаменті.

Қозғалыс жол белгілері мен бағдаршамдық сигнал жабдығы орнатылған, айналып өтетін жол арқылы ұйымдастырылатын болады.  

Астана қалалық Полиция департаментінің мамандары елорда тұрғындары мен қонақтарын абай болып, уақытша кесте бойынша орнатылған жол белгілерін назарға ала отырып жүруді сұрайды.  

Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ. дейін шектелген.