Қызылорда облысының үздік кәсіпкерлеріне 1 млн теңгеден берілді

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша өткен кеңесте шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталып, оларға 1 млн теңгеден сыйақы берілді.

Егемен Қазақстан
08.02.2019 1005
2

Жиынға облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржылық даму институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын атап өтті: біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден – жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден - қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы.

"Біз өткен жылы жалпы бюджеті 32 млрд. теңге болатын арнайы «Жол картасын» әзірледік! Бұл қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін «Стартап» жобаларына бағыттадық. Ал биылғы жылы әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд. теңге қарастырдық.  Сонымен бірге, қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен несиелерді алудың қадамдық іс-әрекеттерін, типтік бизнес жоспарларды әзірлеп, жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейден жауапты лауазымды тұлғаларды бекіттік", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, 2018 жылдың басында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, бүгінгі күні олардың саны 42 342 бірлікті құрайды. Яғни, бір жыл ішінде облыстағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 4 892 бірлікке ұлғайып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызды құрады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі, яғни 90 мыңнан аса бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған.

Айта кеткен жөн ағымдағы жылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 750 млн. теңге қаралған болса, күні кеше облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша 150 млн. теңге және шағын және орта бизнес субъектілерімен алынған несиені ішінара кепілдендіруге 100 млн. теңге бөлінді. Микро және шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында биыл Өңірлік инвестициялық орталыққа 1 млрд. теңге қаржы бөлінді.  Бұдан басқа, «Даму» қорынан шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 800 млн. теңге тартылады. Қаражат бизнес үшін соңғы мөлшерлемесі жылдық 8 пайызбен, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін 5 жыл мерзіммен берілетін болады.

Облыс әкімі кеңеске қатысып отырған екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржы институттарының басшыларына "Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша жастардың бизнес жобаларына, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға басымдық беру қажет» екендігін айтты.

Сондай-ақ, өңірдің бәсекелестікте артықшылықтарының бірі бизнесті дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер беретін агроөнеркәсіптік сектор да анықталды. Мысалы, өңірде 2688 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 106 кооператив құрылды, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперациясына біріктірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ауыл әкімі», «Үздік бекітілген жауапты тұлғалар» (куратор) номинациялары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері марапатталды.  Аудандардан және облыс орталығынан  ісін жаңадан бастаған 8 үздік кәсіпкер 1 млн.теңгеден ақшалай сыйақы алды. Ал ауыл әкімдері мен ауылдық округтерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жауапты лауазымды тұлғалар құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.

Айта кетерлігі, шағын және орта бизнес саласындағы үздіктерді анықтау жөніндегі комиссия құрамына облыстық мәслихаттың хатшысы, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары, облыс кәсіпкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері кірді.

«Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын. Бірақ кәсіпкерлерден жұмыстарды одан әрі жандандыруды күтеміз», - деді аймақ басшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу