Жүйрік баптау кезеңдері

Жүйрікті баптау кезеңі  – алғашында жеңіл іс-әрекеттерді атқарудан бастап, күн өткен сайын әдіс-тәсілдерді ауырлату арқылы жүргізіледі. Баптау мерзімі уақыттың ортасына жеткенде баптаудың да ауырлығы шырқау шегіне жетіп, қалған уақытта қайтадан жеңілдетіледі. 

Егемен Қазақстан
08.02.2019 4784
2 Фотоны түсірген Сәрсенбай Қызайбекұлы

Дайындық кезеңі – жүйрікті баптап-байлауға дайындау және бойын ақау-нұқсаннан арылту.

Баптау кезеңі – іс-әрекеттердің атқарылуын дұрыс үйлестіру және қырлау деп бөлінеді.

1. Баптау кезеңінде іс-әрекеттердің дұрыс атқарылуын үйлестіру өте маңызды. Бұл жұмыстың астарында:

- жүйріктің күй-қоңын күш түсірмей реттеу;

- етінен арылтып, ішін тарттыру;

- тынысын дұрыс ашу;

- суыту;

- жем-шөбі мен су ішуін сәйкестендіру, т.б. жұмыстар атқарылады.

2. Жүйрік қырлау дегеніміз – бұл баптаудың ең бір өзекті тұсы. Бұл істі қазіргі кәсіби спортшылардың дайындығы әбден толысып, сақадай-сай жетілген кезеңімен салыстырып түсінуге болады.

Жүйрікті ұстау және керме тәртібі

• Баптайтын жүйрікті үйірден ұстаған кезде оғаш қылық көрсетіп, шошындырып алудан сақтану қажет.

• Егер жүйрік жылқы ала қыстай қорада ұсталып, қолдан су ішкен болса, оны баптауға алмас бұрын 15 тәулік босатып, үйренген үйіріне жібереді. Еркіндікке шыққан жылқы тез арада жүні тіріліп жайнап шыға келеді.

• Жүйрікті жаңа шыққан көкке әбден тойып, қоң ала бастағанда баптауға қойған дұрыс деп есептеледі. Көкке тоймаған жылқы алаңдағыш, беймаза күйден көпке дейін арыла алмайды. Өйткені, ала қыстай буыны қатқан, сары шөп жеген жылқы көктемде жаңа шыққан көкті аңсауы табиғи құбылыс.

• Жүйрікті үйірден ұстаған соң сүттің сары суымен жуындырып, дем алдырады.

• Баптауға алған жылқы тым семіз болған жағдайда оны 2-3 күн бұрын ұстап, әдеттегі мініске салады.

• Жүйріктерді баптауға байлағанда керменің басына үлкен аттарды орналастырады да, қалған құнан, дөнен, тайларды күннің шығысынан батысына қарай рет-ретімен тізіп шығады.

• Керменің бағаналарын немесе жеке ат байлайтын атағашты бұдырсыз, сыптығыр, түп-түзу жас қайыңның қабығын аршып жасаған дұрыс.

• Алғаш байланған жылқыны кермеге бойын үйреткенше, яғни, жарты күн қозғамай байырқалатады.

• Байлауға алынған жүйрікті жарату жұмыстарын бастамай тұрып, әуелі кермені айналдырып жүргізіп көреді. Аттар керме айналып жүрген сәтте адамдар қиқулап, жүйріктің делебесін қоздыратын әрекеттер жасайды.

• Жүйріктерді керме айналдырғанда алдымен жуан аттар, одан кейін құнан, дөнен, тайлар жүреді.

• Керме айналуды түсте бастап, түс ауа, күн батар мезгілде, күн батқан соң яғни, бір күнде төрт дүркін қайталайды.

• Жүйріктерді көруге жиналған атқұмар қауым керме айналым кезінде аса сабырлық сақтап, тек жақсы сөздер айтуы тиіс.

• Жалпы ат баптау кезінде есте болатын дүние: бәйге қанша уақытқа созылады дәл осы мерзімді негізге алып аттың бабын үйлестіреді. Мысалы, бәйге 10 сағатқа созылатын болса, жүйрік баптау ісі де күніне 10 сағат болуы тиіс. Бұл жылқыға физиологиялық тұрғыдан тиімді деп есептеледі.

• Кермені 10-12 құлаш қайыс арқаннан тартады. Діңгектерін 2-2,5 метр ұзындықтағы бөрене ағаштардан орнатады. Керменің күншығыс жағына 20 метрдей қашықтықта, кедір-бұдырсыз тепсең дөңес жерге құм төгіп, таңертең, кешке үнемі аунатып тұру керек.

• Аттарды жаратуға таңдалып алынған орын, яғни, керме мал қорасынан, әсіресе, бұзаулар байланған желінің бас жағында 150-200 метр қашықта орналасады.

• Керме маңына қой-ешкі немесе сиыр жайылтуға, жылқы түлігін қиқулап айдап өтуге болмайды.

• Керменің жел жағына өлген малдың сасыған жемтігін тастаған дұрыс емес. Сасық иіс жүйріктің көңіл-күйіне әсер етеді.

• Керме басында ұрыс-керіс, боқтық сөздер айтылмағаны абзал.

• Керме басына атбегілер және шабандоз балалардан басқа адам ұлықсатсыз баруға болмайды.

• Атбегілер кермеге барғанда желдің ық жағын қуалап барған жөн.

• Керме маңына мас немесе ауру-сырқау адам баруға болмайды, сондай-ақ, әйел адамдардың да бара бермегені жөн саналады.

• Дәл бәйге болатын уақытқа 3-4 күн қалғанда ат иесі мен шабандоз бала жүйріктің қасына түнеп, күні-түні бабын қадағалайды.

• Жүйрікті баптауға қажет құрал-саймандар (терқырғыш, қамшы, тоқым, тартпа айыл, кекіл-құйрық байлайтын өрім жіп т.б.) арнайы биіктеу орынға, таза жерге, желдің өтіне қойылады.

• Жүйрікті басы жерге жетпейтіндей етіп, жатып ұйықтай алатындай етіп байлау керек. Қазыққа, діңгекке байлауға әсте болмайды. Оның қауіп-қатері көп болады.

• Кермеде үйілген жылқы тезегін ұдайы тазалап тұрған жөн. Әр апта сайын кермені жаңалап, жерін ауыстырып отырады.

• Қой, сиыр, түйенің қорасын керме маңынан алыс ұстайды.

Жүйрік баптайтын жердің жағдайы

• Жүйрікті жаратып-баптауға байлау барысында есте болатын дүние: керме маңы таза, шөбі мол, жақын жерде таза-мөлдір бұлақ-бастау болғаны тиімді саналады.

• Жүйрікті байлаған жердің топырақ қыртысы жұмсақ, айнала ашық көрінетін дөңеске орналасады. Жердің қыртысы қатты болса, жүйрік байлаған жерге жұмсақ қайрақ құм төгеді.

• Ат байлаған жердің қыртысы қатты болса, төрт аяғы талмаусырып созылады, жұмсақ шымды болса, жылқы бойына ылғал тартып бабына түспей кешігеді.

• Жақын маңда айғай-шу болмауы әрі сасыған шалшық судан жырақ болғаны абзал.

◄ Көшпелі қалқа-моңғол тұқымынан шыққан атақты атбегі хардел бейс Пуребжаб (1844-1932) жазып қалдырған «Құпияның құпиясы, көненің көнесі жайлы ілім» атты еңбегінде: ►

«Жүйрікті байлап-баптайтын орынның алдыңғы және оң жағында жақын маңда тау-төбе болмағаны абзал. Негізінен керме құруға жан-жағы ашық жер ыңғайлы. Әрі керменің оң жағы өзен-сулы, шығыс жағы тегіс жазық, батысы адырлы, жердің қыртыс топырағы сарғылтым, артқы жағында көл болса, бұл нағыз ат баптайтын орын».

Жүйрікті нұқсаннан арылту

Баптауға ұстаған кез келген жылқыда 3 түрлі ақау-нұқсан болады. Жүйрікті осы ақаулардан арылтып барып баптаған дұрыс.

Жүйрікті үйірден ұстаған кезде ебедейсіз қылық танытып, қатты үркітіп немесе шошытып алған жағдайда бойына шошымалы ақау түседі. Бұндай ақаудың жылқы бойында бар-жоғын білу үшін: шоқтық ұшындағы ақ шеміршекті қаттырақ қысып байқайсыз. Егер жылқы аптығып, қозғалып кетпей тыныш тұрса, шошымалы ақаудың болмағаны. Сондай-ақ, баптау барысында тәжірибесіз атбегілер жас жылқыларды үркітіп шошымалы ақау түсіруі әбден мүмкін. Баптау кезінде ақау түскен жылқы алды-артына кезек сүріншектей береді.

Оны анықтаудың жолы: жылқының сол жақ құлағының сыртқы шеміршегін қысқанда ауырсынады және сол жақтағы көз жанарына жұқа ақ жолақ түседі. Атбегілер осы жұқа жолақ арылған жағдайда жылқының ішкі ақауы кетті деп есептейді.

Екінші ақау табанында болады. Табан ақаусыз жылқының аяқ тастасы нық әрі сенімді көрінеді. Егер табан ақау түскен болса, жай жүргеннің өзінде сүріншектеп, аяғының бұлшық еттерінде сәл-сәл діріл пайда болады.

Үшінші ақау жылқының іш құрылысына түседі. Бұны аңғару кез келген атбегінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, атбегі адам жүйріктің ішкі ақауын шығару үшін: арасына екі күн аралатып 2-3 дүркін желе жортып жеңіл терін шығарып, байлап байқайды. Жылқы бүйірін соқпай тұрса, ішінде ақау болмағаны. Бұл ақауларды жүйрікті түбегейлі жаратуға байлаудан 5-6 күн бұрын тексеріп көрген дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу