Ә. Смайылов: Цифрландыру көлеңкелі экономика үлесін азайтады

Ел экономикасындағы көлеңкелі айналымды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып берді.

Егемен Қазақстан
11.02.2019 6209
2

Мемлекет басшысы  көлеңкелі экономика үлесін үш жылда кем дегенде 40% қысқарту туралы тапсырма берді. Қаржы министрлігі бизнесті қолма-қол ақшасыз есепке ынталандыра отырып, көлеңкелі айналымды қысқартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар 60 тармақтан тұрады.  

«Ең алдымен, Министрлік салық және кедендік әкімшіліктендіруді цифрландыру міндетін алға қойған. Біз қызметімізді қаншалықты цифрландырсақ, соншалықты жұмыс тиімділігі артып, салық түсімдері ұлғаяды, яғни көлеңкелі экономика үлесі азаяды», — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, өткен жылы әкімшілендіруді жетілдіру, соның ішінде цифрландырудың есебінен түсім 410 млрд теңге қосымша салықты құрады. Биыл ведомство кедендік және салықтық әкімшілендіру есебінен қосымша 520 млрд теңге алуды көздейді.

«Біз Қытай Халық Республикасынан ағындар бойынша жұмысты жақсарту есебінен осы 520 млрд теңгеге қосымша, бюджетке 200 млрд теңгеге дейін кіріс алуды жоспарлап отырмыз. Көлеңкелі импорттан бастап, көлеңкелі айналымды азайту үшін осы жұмысты жүргізу керек», — деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар, Қытай тарапынан экспорттық декларацияларды электронды түрде алуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде.

«Олармен бірлесіп көліктің ішіндегі тауарлар туралы барлық ақпарат жазылатын құлып көлік құралына ілініп тұратын "Пилоттық құлып" деп аталатын жобаны іске асырамыз», — деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ, нақты уақыт режимінде салық міндеттемелерін орындаудың ашықтығын қамтамасыз ететін блокчейн секілді жаңа заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол алаяқтық схемаларын жоюға ықпал етіп, жеткізушілер тізбегін дереу қадағалауға мүмкіндік береді.

«Министрлік өз тарапынан жаңа цифрлық технологияларды мейілінше пайдалану мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды. Мысалы, 2018 жылы Қаржы министрлігі 22,2 млн мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 94% электронды түрде көрсетілген», — деді Ә. Смайылов.

Бұдан өзге, ел ішінде көлеңкелі айналымның үлесін азайту үшін электрондық шот-фактуралар, виртуалды қойма, блокчейн технологияларын қолдану арқылы жеке есептер арқылы ҚҚС әкімшіліктендіру, онлайн бақылау-кассалық машиналарын пайдалану секілді бірқатар ақпараттық жүйелер іске асырылуда.

Сонымен қатар, Ә. Смайылов Президенттің Экономикалық тергеу қызметін (ЭТҚ) қайта ұйымдастыру туралы тапсырмасын орындау барысы жайында айтып берді. ЭТҚ Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетіне беріледі. Бұл тұрғыда тиісті заңнамалық норма қабылданып та қойды. Қазіргі таңда тиісті заңнаға қосымша актілерді қабылдау шаралары жүргізілуде.

Жаңартылған ЭТҚ жұмысы барлық қолжетімді ақпарат көздерінен, оның ішінде банктерден және басқа ұйымдардан деректерді өңдеу арқылы талдамалық және АT-құрауыштарды күшейтуге бағытталады. Қаржылық қылмыстардың алдын алуға, орын алған жағдайлар мен себептерді анықтауға, капиталды шетелге заңсыз шығарудың жолын кесуге және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстарына екпін берілмек.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

20.02.2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

20.02.2019

Алматыдағы «Women in business» форумы мәреге жақындады

20.02.2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

20.02.2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

20.02.2019

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

20.02.2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

20.02.2019

Түркістанда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды

20.02.2019

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

20.02.2019

«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді

20.02.2019

Қызылордада жоғалған 7 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

20.02.2019

Ақтөбелік жас кәсіпкер сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен тегін емдейді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу