Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қызылорда облысында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы әзірленді

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы облыста жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша аймақтық бағдарлама жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы әзірленді

Жаппай тұтыну тауарларын шығару жөніндегі өндірістерді құруға – тоқыма, тігін, тері және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ, тағы да басқа өнеркәсіптер бойынша Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 10-нан 20 млн теңгеге дейінгі сомада 8 пайызбен 5 жылға кредиттер берілетін болады. Бірінші кезеңде оны іске асыруға шамамен 800 млн теңге жұмсау жоспарлануда.

Бүгін, 2019 жылы 13 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.

Есепті кездесу «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінде, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми facebook парақшасында және youtube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.