Ақтөбеліктердің өтініштері бақылауға алынды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдыңғы аптада өткен «Ашық есік күндер» акциясы кезінде азаматтардан түскен өтініштерді қарауға қатысты жиын өткізді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Егемен Қазақстан
19.02.2019 27
2

«Өткен аптада үлкен жұмыс атқарылды. Ақтөбе мен облыс аудандарындағы қоғамдық қабылдауларға 6 мыңға жуық адам шамамен 7 мыңға түрлі сұрақпен келді. Барлық сұрақтар, соның ішінде барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерінде айтылған сұрақтар қатаң бақылауға алынып, тиісті органдар белгіленген тәртіпте мұқият қараулары керек. Бірде бір сұрақ жауапсыз қалмауы қажет»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Негізінен, ақтөбеліктер тұрғын үй мәселесін жақсарту, атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу, сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты мәселелерімен жүгінді.

Мәселенің дені шешілді. Мысалы, демеушілердің қолдауымен жүздеген отбасыға көмір, азық-түлік және т.б. берілді. Екі көпбалалы жанұя баспаналы болды, басқасына жеке тұрғын үй құрылысы үшін Қурайлы ауылынан жер телімі беріді, демеуші үйді салу үшін көмек көрсететін болады. Меценаттар колледжде оқитын бір ақтөбеліктің оқуын төлеуге көмектессе, мүмкіндігі шектеулі қала тұрғынына «Қолғанат» қоғамдық қоры арқылы жеке ісін ашуға грант бөлінді. Енді жеке кәсібін ашқан ер адам жүк тасумен айналысып отбасын асырай алады. Бұл көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштеріне қайтарған жауаптардың аз ғана бөлігі.

Айта кетейік, облыста аз қамтылған азаматтардың мекенжайларына барып, қолдан келген көмектерін көрсететін мобильді топтар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде ықтимал әлеуметтік көмектерді әрі қарай көрсету тетіктері қарастырылуда.

«Көмек аса мұқтаж жандар мен отбасыларға заң шеңберінде көрсетілетін болады. Біз бұған кәсіпкерлерді, демеушілерді тартатын боламыз»,- деді облыс әкімі. Ол сондай-ақ, азаматтардың өтініштері мен атқарылған жұмыстардың нәтижесін сараптау қажеттігін де атап өтті.

Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе облысында 2019 жылы көпбалалы, табысы аз отбасыларды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары енгізілетін болады.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны субсидиялау механизмі әзірленуде. Аз қамтылған отбасыларға төленетін бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы 70 мыңнан 140 мыңға теңгеге дейін өспек. Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін мектепке дейінгі мекемелердегі тамақтану төлемі 70% -ға азаяды. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін оқытуға, қайта даярлауға қосымша 200 млн теңге бөлінеді, жалпы, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарының ішінен 3 мың ақтөбелік қайта оқытылып, тағы 5 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасады. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін 1 млрд теңге бөлінеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу