Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

Өткен жыл мегаполис экономикасына инвестиция тарту бойынша тарихи көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Егемен Қазақстан
20.02.2019 40
2

«Астана – кәсіпкерлер қаласы. Тұрақты әрі серпінді даму үшін инвестициялық салымдар  қажет. Өткен жылы қалаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылды. Бұл – Астана үшін тарихи рекордтық көрсеткіш. Биыл инвестиция өсімі жалғасуда. Өнеркәсіп, денсаулық сақтау, сауда, қызмет көрсету сынды салаларда да инфһвестиция көлемінің өсім байқалады», – деді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, Астанаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің төрттен бірі шетелдік инвесторларға тиесілі. Инвестицияның жалпы көлемінің 86%-ы – шағын және орта бизнестің салымы. Қала инвестицияларын жеке бастамалар құрайды.

  «Ел бойынша шағын және орта бизнестің ең жоғары үлесі – Астанада. Нақтырақ айтқанда, ол қаланың жалпы өңірлік өнімінің 61%-ын қамтып отыр. Қалада 120 мыңнан астам бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Бүгін бюджетке салық түсімдерінің жартысынан астамы (57%) – шағын және орта бизнес салықтары», – деп атап өтті Сұлтанов.

Кәсіпкерлерді қолдау үшін Мемлекеттік бағдарламалар белсенді пайдаланылуда. Осы шаралардың барлығы қолда бар 9 мыңнан астам жұмыс орнын сақтауға және 6,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлерді қолдаудың тағы бір тетігі Елбасының бастамасымен жүргізілетін салықтық рақымшылық болып табылады. Жиналған салықтардан босату шағын және орта бизнеске өндірісті ұлғайтуға, ал жалпылай алғанда, табысты арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана кәсіпкерлерінің картасы әзірленуде. Бұл әрбір кәсіпкер бойынша егжей-тегжейлі деректер базасы болады, онда жалпы мәліметтерден басқа, олардың өзекті мәртебесі көрсетіледі. Дәлірек айтқанда, кәсіпкер несиесінің бар-жоғы, ол банкротқа ұшырай ма, салық төледі ме, қандай мамандарға мұқтаж екендігін көрсетеді. Қазір деректерді жаңартып, жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін порталды әзірлеу мүмкіндігі қарастырылуда», – деп атап өтті Астана әкімі.

Статистиктердің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның елордасында өнеркәсіп көлемінің 6,7%-ға өсімі байқалады. Өткен жылы қалада 7 жоба іске қосылып, соның есебінен 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу