Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын 120 жоба іске қосылады. Соның негізінде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Егемен Қазақстан
21.02.2019 62
2

Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, 2018 жылдың қорытындысында барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіп 4,1%-ке өсті, соның ішінде тау-кен 4,6%-ке, өңдеу өнеркәсібі 4%-ке өскен.

Министрдің айтуынша сонымен қатар, Қазақстан арқылы өтетін транзитті контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсіп келеді. «2018 жылы контейнерлік тасымал көлемі 537,4 мың ЖФЭ-ті құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ке артық. Соның ішінде Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша көрсеткіш 54,6%-ке өсіп, 310,8 мың ЖФЭ-ті құрады. 2019 жылы контейнерлік тасымал көлемін екі есеге, яғни 1,2 млн ЖФЭ-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Осылайша, бүгін Қазақстанды Еуразия орталығында қалыптасқан транзиттік хаб деп айтуға болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұған қоса, 2019 жылы республикалық маңызы бар 4,4 мың км жол қайта жаңғыртылатын болады. Жыл соңында 654 км жолда қозғалысты ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,7 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде 518 км жолға күрделі жөндеу, 1 190 км автожолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті желідегі 4 мың км жол жөнделеді. Өткен жылдың тенденциясы сақталған жағдайда, 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 85%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол шамамен 60 мың км жол.

Алқа мәжілісі отырысында Индустрияландыру, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты, техникалық реттеуді, геология және жер қойнауын пайдалануды, көлік және логистиканы, азаматтық авиацияны, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, инновация мен өнеркәсіпті цифрландыруды ілгерілету мәселелері қаралды. Министрліктің алқа мәжілісіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу