Ғылымдағы ұлт бәйтерегімен қоштасты

Алматыдағы «Ғылым ордасы» ғимаратына жиналған қаралы қауым  нөпірі қазақтың дүниеге екі қайтып келмейтін қайраткер тұлғасы Әбдуәли  Қайдарды мәңгілік сапарға шығарып салды.

Егемен Қазақстан
03.03.2019 1994
2

Қаралы жиында сөз алған айтулы азаматтар Кеңес одағының қылышынан қаны тамып тұрған сол кездің өзінде қазақтың тіліне теңдік пен бостандық сұраған бірінші қазақ Әбдуәли Қайдар екенін бірден тілге тиек етті. Тілді, тарихты, этносты бір-біріне сабақтастырып артында өшпес, өлмес мұра қалдырған ғалымды қазақ ғылымындағы құлағанын ұлт бәйтерегіне теңеді. Рухы жүзге жеткен, тазалығы мен даралағы тең үлкен ғылым артында кереметтей кісілік мектебін қалдырды. Көзінің тірісінде халқына жан тәнімен қандай қалтқысыз қызмет етсеғ қазақ халқы да аяулысына әрдайым төрін де берді, өрін де сыйлады.

–Қазақ арыстары 20-шы ғасырда ең бірінші тіл үшін күресті. Елдік бен бірлік, жер тұтастығы үшін күресті. Сол бір намыс иелерінің – бойларына кірбің ұяламаған, дақ түспеген ұлы тұлғалардың ұлы шәкірті біздің Әбекең еді, – деді мемлекет және қоғам қайтакері, жазушы Нұрлан Оразалин. – Дәл осы күндері Елбасынын бастап ат үстінде жүрген қаншама азаматтар өздері келе алмаса да Алматыға көңіл айтуға арнайы өкілдерін жіберді, Астанада Үкімет ауысып, «НұрОтан» партиясының елеулі жиыны болып жатқан осындай хикметті сәттерде Әбекеңнің  рухына  құрмет нышаны өлшеусіз болды. Қазақ әлі өзінің аяулы ұлы Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдарды іздейтін болады. Әбекең қазақпен мәңгілік бірге жасайтын, санасынан өшпейтін санаулы саңлақтарымыздың бірегейі. Жатқан жеріңіз жанната болсын, абыз аға!

Күні бүгінге дейін академик-тілші Әбдуәли Қайдармен үзеңгілес әрі мүдделестер ретінде қатар жүрген ұлт ғылымының қайраткерлері – академик-ғалымдар Кенжеғали Сағадиев, Серік Қирабаев, Өмірзақ Айтбайұлы даңқты түрколог ғалымның өткен өмірдегі үш ерлігіне ерекше тоқталды. Ол – Ұлы Отан соғысының «Даңқ», екі мәрте  «Қызыл Жұлдыз» және басқа да ерлігі үшін берілетін ордендерінің иегері – жеңімпаз Қайдар, ол – тәуелсіздік таңының елең-алаңында қазақ тілінің ұлттық мәртебе алуына ерекше үлес қосқан Қайдар, ол – түркі жұрты, қазақ үшін латын әрпіне көшудің алғашқы негізін қалаған бірегей түрколог Қайдар еді.

Қаралы жиын басында сондай-ақ, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, сондай-ақ өзге де алыс-жақын шетелдегі туыстас халықтар өкілдерінің ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына жіберген көңіл айту жеделхаттары оқылды. Марқұмның жақындары мен туған-туыстары атынан Әбдуәли Қайдар дүниеге келген Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының атынан қоғам қайраткері Елеусіз Сұлтанғазиев ақсақал қайғыны бөліскен барша қаралы қауымға алғыс айтты.

Академик Әбдуәли Қайдардың денесі Алматыдағы «Кеңсай» зиратына қойылды.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу