Трамп Boeing 737 Max ұшағын пайдалануға тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп Эфиопия мен Индонезиядағы ұшақ апатынан соң Boeing 737 Max 8 және Max 9 ұшақтарымен қатынауға тыйым салды. Бұл туралы BBC News ақпараттық агенттігі жазды.

Егемен Қазақстан
14.03.2019 569
2

Осыдан кейін Boeing акцияларының бағасы 2%-ға төмендеген.

Авиакомпания президенттің шешімін қолдап, Финляндия авиациялық әкімшілігіне осы желідегі барлық ұшақтардың ұшуын уақытша тоқтата тұрғаны жөн екенін айтты.

«Компания Boeing 737 Max қауіпсіздігіне толықтай сенімді. Бірақ америкалық Федералдық авиациялық әкімшіліктің (FAA) консультациясынан кейін Федеральды орган бүкіл әлемдегі ұзын саны 371 Boeing 737 Max ұшағының  бүкіл флотының ұшуын уақытша тоқтата тұруды ұсынды»,  деп хабарлады Боинг.

АҚШ-та Boeing 737 Max әуе кемелерін United Airlines, American Airlines және Southwest Airlines компаниясы пайдаланады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Эфиопия авиакомпаниясы Аддис-Абебадан Найробиге ұшып бара жатқан  Boeing 737 Max 8 ұшағы Эфиопия астанасынан 60 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Ұшақ апатында 35 елден 157 адам қаза тапты.

Ал 2017 жылы қазан айының аяғында Индонезиялық Lion Air компаниясының Boeing 737 Max 8 Джакарта әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай Java теңізіне құлаған болатын. Бортта болған 189 адам қайтыс болған.

Эфиопиядағы апаттан кейін көптеген ел бірден Boeing 737 Max 8 рейстерін тоқтатты. Атап айтқанда, Еуропа авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Еуропадан ұшуға тыйым салды. АҚШ апаттан соң Boeing 737 Max 8 ұшағын пайдалануды жалғастырған соңғы елдердің бірі болатын.

Сондай-ақ Канада үкіметі сәрсенбі күні Boeing 737 Max 8 ұшақтарын тоқтатуға шешім қабылдады. Канаданың үш әуе компаниясы, әлем бойынша 19 мемлекеттің авиакомпаниялары Boeing 737 Max ұшағын пайдаланады.

Дональд Трамп пен Азаматтық авиация органының шешімінен кейін American Airlines жалпы саны 24 Boeing 737 Max ұшағының рейстерін тоқтатты.

Қазір АҚШ пен Канададан басқа, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ, Қытай, Австралия, Үндістан және басқа елдерде Boeing 737 Max ұшағын пайдалануға тыйым салынған.

АҚШ-тың ұшқыштары Boeing 737 Max ұшағын басқару кейде қиындық туғызатынын бірнеше рет мәлімдегені анықталды.  Қарашада америкалық екі ұшқыш билікке Boeing 737 Max автопилотының проблемалары туралы хабарлаған.

Инспекторлар апат орнынан «қара жәшікті» тапқан. Қазір апат себептерін анықтауға тырысуда.

Индонезиядағы Lion Air апатынан кейін, Boeing әуе кемесінің сенсорлары кеменің ұшу бұрышы туралы бұрыс деректер жазса, ұшқыштарға не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар таратқан. Америкалық ұшқыштың айтуынша, осыдан соң компания датчиктердің дұрыс жұмыс істеуіне аса мән бермеген.

Салтанат ШЫНӘДІЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу