Қазақстан-Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мохаммад Фархад Азимимен кездесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Егемен Қазақстан
15.03.2019 563
2

«Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестер шеңберінде Ауғанстанмен ынтымақтастық, екіжақты және көпжақты форматтағы қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту біздің қарым-қатынастарымызға оң әсерін тигізеді. Қазақстан көптеген жыл бойы Ауғанстандағы бейбітшілік процесіне және қайта қалпына келуіне үлес қосып келеді», - деді министр.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың прогрессивті динамикасы, сондай-ақ өзара саудадағы көрсеткіштердің өсуі байқалады. Сонымен бірге сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екендігі атап өтілді.

Қазақстан астықты және оның өнімдерін Ауғанстанға экспорттауға, транзиттік-көлік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Ауғанстандағы теміржол және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, Ауғанстан азаматтарына арналған Қазақстанның білім беру бағдарламасын жалғастыруға мүдделі. Әскери-техникалық ынтымақтастық - екіжақты ықпалдастық аспектілерінің бірі болуы мүмкін.

Өз кезегінде Ауғанстан елшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз еліне назары үшін алғысын білдірді. «Біз Ауғанстанды дамытудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі кезінде сіздің мемлекет Кеңес делегациясының Қабылға алғашқы сапарын ұйымдастырды. Біз ортақ шекаралардың жоқтығына қарамастан, Қазақстанды еліміздің жақын досы ретінде санаймыз», - деді М.Азими.

Ауған дипломаты өз елінің басшылығы атынан Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық деңгейге көтеруге және бұл мақсатта тиісті келісімге қол қоюға мүдделілік танытты. Елшінің айтуынша, Ауғанстан Өзбекстанмен және Түркіменстанмен ұқсас келісімдерге қол қойған.

Ауғанстанның бейбіт құрылысына үлес қосып жатқан қазақстандық университеттерде азаматтық мамандықтар бойынша білім алған ауған студенттерінің маңызды рөлі атап өтілді. Осыған байланысты ауған тарапы білім беру гранттарының санын көбейту туралы өтініш білдірді. 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық жоғары оқу орындарында Ауғанстанның 1 мыңнан астам азаматы білім алады.

Ауғанстан Елшісі Ауғанстан аумағында екіжақты іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ, қазақстандық бизнестің Ауғанстандағы жобаларға белсенді қатысуына ықпал ете алатын, Алматы мен Қабыл арасында тікелей әуе рейстерін қайта жаңғыртуға мүдделі екендігін айтты.

М.Азими екіжақты сауданы тілге тиек ете отырып, Қазақстанның өңірдегі Ауғанстан үшін ең ірі сауда әріптесі екендігін атап өтті. Ауған биліктері қазақстандық компаниялардың Ауғанстандағы кен орындарын игеруге қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

2018 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 520,6 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт - 516,4 млн доллар, импорт - 4,2 млн доллар.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанның «Интегра» компаниясы 43 км «Герат – Хаф» темір жолын салу жөніндегі тендерді жеңіп алған болатын.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу