16 Наурыз, 2019

Теміржол тасымалын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелері қаралды

1056 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 12-15 наурызында Алматы қаласында Темір жолдары ыңтымақтастығы ұйымының жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті.

Теміржол тасымалын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Эстония темір жол өкілдері қатысты.

Отырыс барысында халықаралық қатынастағы жүктер тасымалын кедергісіз ұйымдастыруды қамтамасыз ету және өзара ыңтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды.

Жақтардың ескертпелері мен ұсыныстары, ұстанымдары есепке алынып, жүктердің үйлесімді номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар жобасы қаралды.  

Құжат 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап іске қосыла отырып, 2019 жылдың сәуірінде Сеул қаласында өтетін ТЖЫҰ темір жол бас директорлары конференциясының XXXIV отырысына бекітуге ұсынылады.

Бұдан басқа, автоматтандырылған режимде БҚҰ/ХТЖК жүкқағаздарын рәсімдеу кезінде деректер тізбесін іс жүзінде пайдалану және ТЖЫҰ  бірыңғай ақпараттық кеңістік үшін ТЖЫҰ темір жолдары жүк станцияларының тізбесін маңыздандыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.