Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Қазақстанда онкологияны ерте анықтау мақсатында қосымша 6 ПЭТ орталығы ашылады

1257 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Ведомства басшысының айтуынша 2019-2022 жылдары  МЖӘ шеңберінде 6 ПЭТ(позиторлы-эмиссионнды томография) орталығын (ҰҒОО (Астана қаласы), Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Семей қалаларында) ашу жоспарланған. Елімізде қолданыстағы 4 орталыққа қосымша  6 ПЭТ орталығын  құру 1,5 млн. адамға 1 ПЭТ халықаралық ұсынымдарына сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Мәжіліс Парламентіндегі Үкіметтік сағатта мәлімдеді.

Қазақстанда онкологияны ерте анықтау мақсатында қосымша 6 ПЭТ орталығы ашылады

«Қазақстанның тұрғындарына онкологиялық көмек көрсету денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағдарламалық құжаттарында айқындалатын мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады. 2011-2015 жылдар аралығында Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен  ҚР онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Оларды іске асыру нәтижесінде  өлімді 100 мың халыққа шаққанда 102,4-тен 95,8-ге дейін төмендетуге, ерте сатыда  (I- II сатылар) анықтауды 50,1%-дан 53,5%-ға дейін жақсартуға қол жеткізілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде  өлім көрсеткішін 100 мың халыққа шаққанда 92,8-ден 80,96-ға төмендету  мақсатына қол жеткізілді. Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес I-II сатыларда ерте диагностикалау көрсеткіші 2016 жылдан бастап соңғы 3 жылдың ішінде  21,8%-дан 26,2 %-ға дейін артқан  0-I сатыларда ерте диагностикалаудың барынша сезімтал индикаторына өзгертілді. 2018 жылы 5  және одан да көп жыл өмір сүретін пациенттердің үлесі 50,2%-дан 51,0 %-ға өсті. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың шеңберінде онкологиялық патологияны анықтауды арттыруға және ерте диагностикалауға бағытталған  іс-шаралар іске асырылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында Кешенді жоспардың жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді», - атап өтті Елжан Біртанов.

Сондай ақ, халықаралық статистика деректеріне сәйкес Қазақстан қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштері шамалы жоғары елдерге жатады. Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанда  қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 8%-ға өсуі байқалады (100 мың халыққа шаққанда 181,2-ден 195,7-ге дейін). Салыстыру үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  елдерінде ұқсас кезеңде  обырдан сырқаттанушылықтың өсуі 11,5%-ды құрайды. 1999 жылдан бастап Қазақстанда қатерлі ісіктерден өлім 42 %-ға төмендеді (100 мың халыққа шаққанда 136,4-тен 78,3-ке дейін). Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде өлімнің төмендеуі-15,5%. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде  обырдан сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштері Қазақстаннан  жоғары болу орташа өмір сүру жасының ұзақтығына және осы елдерде онкологиялық қызметтің  дамуына, обырдың бастапқы сатыларында ерте анықтау мүмкіндігіне және емдеудің жоғары  технологиялық әдістерін қолдануға негізделген»,- деді министр.

Бұған қоса, Елжан Біртанов онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар төрт бағыттан тұрады, олар: қауіп факторларының профилактикасы және басқару; тиімділігі жоғары ерте диагностика; онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған  моделін енгізу; кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту. Онкопациенттерге медқызмет көрсетуге жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінеді. Кешенді жоспармен жыл сайын ТМККК шеңберінде  қызметтерді, скринингтер, молекулалық-генетикалық тестілеу,  сәулелік терапия қызметтерін   кеңейтуге 8 млрд. теңгеден аса қосымша қаржы  көзделген. Сондай-ақ 3,2 млрд. теңге сомасына жабдықтарды алу жоспарланған. Өңірлерде онкологиялық қызметті дамыту үшін жабдықтардың негізгі бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде алынатын болады.

«Онкологиялық көмек көрсетудің тиімділігі елдегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты. ҚР профилактикаға арналған шығындар 4% құрайды, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары елдерінде 10%-ға дейін бөлінеді. ДДҰ елдік бағалау нәтижесі онкологиялық аурулардың дамуының негізгі қауіп факторлары болып табылатын темекі шегу, алкогольды тұтыну сияқты қауіп факторларының жоғары екенін көрсетті. Обырды ерте анықтау мақсатында елде онкоскринингтердің үш түрі іске асырылады: жатыр мойны, сүт безі және жуан ішек обырының скринингі. 2018 жылы онкоскринингтердің бағдарламасы  қайта қаралды. Жас топтары 30 жастан 70 жасқа дейін және  қаржыландыруды арттыра отырып (2018 ж. – 4 069 920,9 мың теңге, 2022 ж. – 5 127 570,0 мың теңге) нысаналы топтарды қамту 50-ден 90 %-ға кеңейтілді.В гепатитіне қарсы вакцинациялау бауыр обырының пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді, осылайша вакцинацияға жататын топтардың вакцинациялаумен тиімді қамтылуы 98,7% құрайды. Ерте сатыдағы обырды (0-I) диагностикалауды арттыру түрінде скринингтік бағдарламалар тиімділігінің арту динамикасы байқалады, мысалы,  жатыр мойны обыры скринингі кезінде 4,5%-ға, сүт безі обыры скринингі кезінде 6,3%-ға, колоректалдық обыр скринингі кезінде 2,3%-ға арту байқалады. Халықтың ақпараттануын арттыру мақсатында 2018 жылы мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы бойынша 3,5 млн.-нан астам  адамды қамтыған 193 мың іс-шара өткізілді», - деді министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша ЭДҰ ұйымы елдерінде ісіктің ерекшелігіне байланысты жеке емдеу көлемін тағайындауға мүмкіндік беретін обырды молекулалық -генетикалық  тестілеу міндетті болып табылады. Қазақстанда 2019 жылдан ТМККК шеңберінде молекулалық-генетикалық тестілеу жүргізіле бастайды,  309 млн. теңге қосымша қаржы бөлінген. Өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректалдық обыр және тері меланомасына  молекулалық-генетикалық  диагностика жүргізу үшін 3 референс-зертхана (ҚазОРҒЗИ (Алматы қаласы), Қарағанды, Астана қалаларының онкоорталықтары) айқындалды, және 2019 жылы 3 мыңға жуық зерттеу жүргізу жоспарланған. Ерте диагностикалауды жақсарту мақсатында 2019 жылы онкоауруларға күдікті пациенттерге КТ және МРТ зерттеулерін  жүргізу үшін 1,6 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген. Әлеуметтік медсақтандыру қоры өнім берушілерден  қызметті сатып алу жүргізуде. Диагностикалық қиын науқастарға халықаралық сарапшылардың телеконсультациясы, сондай-ақ маманның «екінші көзқарасы» қолданылатын гистопрепараттардың телепатологиясы  енгізілуде. ЭДҰ ұйымы елдерінде  онкологиялық ауруларды диагностикалауда міндетті компонент болып табылады, енді Қазақстанда 2019 жылдан бастап біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іске асыратын боламыз. МЖӘ жобалары шеңберінде еліміздің 18 өңірінде ПАКС жүйесін орнату жоспарланған. Бұл шаралар ерте диагностикалауды (0-1 сатылар) 2022 жылға 33 % -ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда бүгінгі күні 5 жоғары энергетикалық сызықтық жылдамдатқыш жұмыс істейді, жоғары технологиялық  емдеумен қамту 20%-ды құрайды. Кешенді жоспардың шеңберінде өңірлерде қосымша 10 сызықтық жылдамдатқышты орнату көзделген (Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Кызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында  және ҚазОРҒЗИ – МЖӘ шеңберінде, Павлодар облысында – республикалық бюджет шеңберінде). Радионуклидтік терапия Қазақстан Республикасында әзірге емдеудің қолжетімсіз жүйелік түрі болып отыр. Бұл бағытта радиойодтерапияны өткізу үшін Семей қаласында ядролық медицина орталығын, сондай-ақ Астана қаласында құрылысы басталған Ұлттық ғылыми онкология орталығында бөлімше ашу көзделген», - толықтырды ол.

«Бүгінде 87 химиопрепарат қолданылды, оның ішінде 15-і таргеттік препарат. Диспансерлік есепте тұратын 181 мың пациенттің 35,3%-ы химиотерапия алады. 2019 жылы  онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің 30 жаңа хаттамасы  қайта қаралды, 25 жаңа таргеттік  және иммуноонкологиялық препарат енгізілді. Кешенді жоспардың шеңберінде 2019 жылы  15 өңірде  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, химиотаргеттік дәрілік заттар мен цитостатиктерді  ұтымды қолдану мақсатында орталықтандырылған автоматтандырылған көбейту кабинеттеріне қондырғылар орнату жоспарланған» - деді Елжан Біртанов.

Сөзін қорытындылай келе министр қауіп факторларын білудің бүгінгі деңгейі  үштен бір жағдайларда онкологиялық аурулардың алдын алуға болады деуге мүмкіндік береді. Обыр үкім емес! 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-дағы 5 жылдық өміршеңдік  51,0%-ды құрап отыр және Қазақстанда обырды диагностикалаудың мен емдеудің барлық заманауи әдістері бар» - деп атап өтті.

Қазақстанда ересек халыққа онкологиялық көмек үш деңгейде көрсетіледі. Бірінші амбулаториялық-емханалық деңгейде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, диагнозды  қою кезінде, сондай-ақ  диспансерлік байқауда   амбулаториялық деңгейде қызмет көрсету  мақсаты болып табылатын 405 онколог кабинеті және 1604 қарау кабинеті жұмыс істейді. Екінші деңгейде  қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға медициналық көмекті 16 өңірлік онкологиялық диспансер және  Ақтөбе, Жезқазған, Шымкент және Көкшетау қалаларында көпбейінді  ауруханалардағы 4 онкологиялық бөлімше көрсетеді. Үшінші деңгейде медициналық көмекті екі республикалық ұйым, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы көрсетеді. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тұр.

2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынды, оның 44,3%-н ерлер және 55,7%-н әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ды алып отыр.

Алғаш ауырғандардың 60%-ға жуығы - 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Сырқаттанушылық құрылымында сүт безінің обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры  (9,9%) алдыңғы орындар, ары  қарай жатыр мойны обыры және жуан ішек (4,7%) құрап отыр. Өлімнің негізгі себептері өкпе обыры (16,5%),  асқазан обыры (11,5%), сүт безінің обыры  (8,4%) болып табылады. Онкологиялық пациенттердің жыныстық-жас ерекшеліктері және  сырқаттанушылық пен өлім  құрылымының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  елдерінен айырмашылығы жоқ.

2019 жылғы 1 қаңтарда ҚР паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім үшін 1034 төсек, оның ішінде  онкологиялық диспансерлердің паллиативтік көмек бөлімшелері  құрамында  435 төсек, 23 ауырсынуға қарсы кабинет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармаларының  деректеріне сәйкес  паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны 70000-ға жуық, оның ішінде 6 мыңға жуығы  онкологиялық науқастар, демек осы категориядағы науқастарды ауруханалық төсекпен  қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 15-ті құрап отыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында Кешенді жоспардың жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

  • бірінші бағыт бойынша – қауіп факторларының профилактикасы және басқару - жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг жүргізу кезінде обыралды жағдайларды анықтау 0,43 % -ға дейін  (2017 жыл – 0,4%,  2022 жылғы мақсаты – 0,6%), колоректалдық обыр скринингін жүргізу кезінде  обыралды жағдайларды анықтау 17,8% артты (2017 жыл – 15,5%,  2022 жылғы мақсат – 23,0%).
  • екінші бағыт байынша  - тиімділігі жоғары ерте диагностика - 0-I сатыларда анықталған алғашқы қатерлі ісіктердің үлесі 26,2%-ға артты (2017 жыл - 24,7%,  2022 жылғы мақсат – 33,5%), визуалды қолжетімді орналасқан алғашқы қатерлі ісіктердің асқынуы( III-IV сатылар) 11,6%-ға дейін төмендеді (2017 жыл – 13,2 %,  2022 жылғы мақсат  – 7,2%).
  • үшінші бағыт бойынша  - онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған  моделін енгізу - онкологиялық пациенттердің 5 жылдық өміршеңдігі 51,0%-ға дейін өсті (2017 жыл -50,0%,  2022 жылғы мақсат – 60,0%).

Төртінші бағытты монитрингтеу шеңберінде кадр әлеуетін және ғылымды дамыту, шетелдің жетекші онкологиялық ұйымдарымен меморандумдар жасау жоспарланған, 2021 жылға клиникаға дейінгі зерттеу орталығын құру, 2021 жылға  ісік геномы зертханасын құру жоспарланған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Қазақстандық дәрілік ұлттық формулярында  (ҚР ДСМ №931 бұйрығы) дәрілік заттардың 260 атауы, оның ішінде түпнұсқа 107 препарат, генерик 153 препарат тіркелген. 260 дәрілік препараттардың  256-ы ісікке қарсы дәрілік заттар, 4 иммунодепрессант тобына жатады және  онкологиялық пациенттерді емдеуге қолданылады.

Бірыңғай дистрибьютерден тізімге кіретін онкологиялық пациенттерді емдеуде қолданатын  46 дәрілік зат сатып алынады. Қазіргі уақытта  дәрілік заттардың 44 түрі (96%) сатып алынған, онкологиялық ұйымдарға 43 түрі (98%) жеткізілген.

Әлемдегі жағдай: 5 жылдың ішінде қатерлі ісіктердің 24 түрлі нысанын  емдеу үшін 63 жаңа препарат енгізілді.  Жылдың ішінде  препараттарға шығындар 10-13%-5а артатын болады ж2не 2022 жылы 180-200 млрд. долларға жетеді. Бұл препараттардың 20%-дан азы көптеген дамушы елдерде қолжетімді.