Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым  Үкімет отырысында базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіруді ұсынды.

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

«Еңбек кодексіне сәйкес, ұжымдық шарт – жұмысшылардың мүддесін қорғайтын және әлеуметтік әділдік қағидаларын сақтаудың негізгі құралы. 

Бүгінгі таңда  еліміз бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың небәрі 40 % ғана ұжымдық шарттармен қамтылған. Алайда соңғы уақытта кейбір өңірлерден ұжымдық шарттар санының өсу динамикасы байқалады. Мұны бір ғана Алматы қаласынан көруге болады.  Мұнда өткен жылы ғана бекітілген шарттардың үлесі 4-тен 19 пайызға артты», деп атап өтті «Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі шаралар туралы» мәселесі бойынша Үкімет отырысында сөз сөйлеген Б.Әбдірайым.

Сондай-ақ Б.Әбдірайым кәсіпорын басшыларын, бизнес-қауымдастықты, жергілікті атқару органдарын жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақыларын сатылы түрде арттыруға шақырды. 

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай соңғы жартыжылдықта еңбекақыны арттыруға қатысты шешім екі рет қабылданды. Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге  артты, ал ағымдағы жылғы шілде айынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Солай бола тұра, ауыл, орман шаруашылығында және басқа да бірқатар салада жұмысшылардың еңбекақысы әлі де төмен.

Қазір Үкімет бюджет саласындағы табыс деңгейін арттыруды қолға алып жатыр. Осы ретте біз халықтың әл-ауқатының әлеуметтік стандарттарын арттыруға қатысты Елбасы қойған міндеттерді ескере отырып, Үкіметке бюджет саласындағы базалық лауазымдық қызметақыны ең төменгі жалақыға кезеңімен ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше